Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:23
МӘМС жүйесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті арттырады

Бүгінде Қазақстан халқының тек 17 пайызы ғана медициналық сақтандыру жүйесін пайдаланады. Ондай мүмкіндікті көбіне өз қызметкерлеріне жекеменшік компаниялар жасайды. Ал 2018 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңды түрде енгізіледі. Оған сақтандыру ұйымдары бірауыздан қолдау білдіріп жатыр. Жаңа жүйе мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті арттырады. Бір-біріне кедергісін келтірмейді. «Бұл, әрине, таңдау мүмкіндігіне ие болған халыққа тиімді», – дейді сала мамандары. Медициналық сақтандыру қазақстандықтар үшін жат ұғым емес. Мәселен, осы саладағы кейбір компаниялардың нарықта жұмыс істеп келе жатқанына 20 жылдан асты.

Сәуле Жүндібаева, сақтандыру компаниясының өкілі:

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылуы ерікті түрде сақтандырудың дамуына серпін береді деп ойлаймын. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сақтандырудың ерікті түрін де, міндетті түрін де бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Бастысы денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер болып, медициналық қызметтің сапасы артып, халыққа қолжетімді болады деп сенеміз.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/172440-shik-riptestikti-arttyrady

 

Просмотров: 1130 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]