2016 жылдың 19-23 желтоқсанында Мәскеуде, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде Үшінші Ресей экономикалық конгрессі өз жұмысын табысты аяқтады. Оны ұйымдастырушылар — Жаңа экономикалық қауымдастық, Мәскеу мемлекеттік университетінің және Ресей ғылым академиясының экономика Институты. Тақырыптық бағыттары Демография және денсаулық сақтау: Денсаулық әлеуметтік-экономикалық координаттар жүйесінде.
1974 жылы, Канаданың Ұлт саулығы және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі М. Лалонд тұрғын халықтың денсаулығы туралы жасаған баяндамасында «денсаулық өрісі» деген концепцияны ұсынған. Денсаулық сақтау саласында тек қана медициналық аспектілерге көңіл бөлу дұрыс емес екендігі айтылған, ұлт саулығын жақсарту үшін бұл проблемаға кеңірек қарау керек деген. М. Лалонд бір-бірімен тығыз байланысты төрт мәселені атады: қоршаған орта, өмір сүру салты, биомедицина және медициналық қызмет. Ол ұлт саулығына әсер ететін кейбір факторлар денсаулық сақтау саласынан тыс жататынын көрсетті. М. Лалонд баяндамасында ұлт денсаулығын сақтаудағы адамның жеке басының роліне, денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікке және халықтың қатері жоғары тәуекел жағдайында өмір сүретін топтарына назар аудару керектігі айтылды.
Белгілі америкалық социолог Т. Парсонс, денсаулық индивидтің қоғамда өзінің әлеуметтік ролін және міндеттерін тиімді орындай алатын қабілеті деп атады. қоғамның дұрыс дамуы үшін қажетті тұрғын халықтың денсаулық деңгейі қоғам халықтың саулығын жақсартуына тілектес. Ұлт саулығы тек сақтап қоймай оны жақсарту қажет. Ұлт саулығы мен мемелекеттің әл ауқаты арасында байланысты Престон қисығы бейнелейді. жиырма жылинтервалында деректерді салыстырмалы талдау әлемнің мемлекеті бойынша жинақталған деректер арасы жинақталған қисықтың бойындағы байланысты көрсететін ығысу ерекшеліктерін қарастырған
Ұлт саулығы мен мемлекеттің әл -ауқаты арасындағы байланысты суреттейтін қисықтың ығысу ерекшеліктерін С. Престон жақсы бейнелейді.
1975 жылдан 2005 жылға дейінгі, яғни 20 жыл интервалындағы әлемнің 169 мемлекеті бойынша жинақталған деректерді салыстырмалы талдап ұлт саулығы мен мемлекет әл-ауқаты арасындағы байланыстың ығысу ерекшеліктерін Престон қисығы бейнелейді. Егер 1975 жылы жан басына шаққандағы табыс бір мың доллар жыл орташа өмір сүру ұзақтығы — 48,8 жылға сәйкес келсе, 2005 жылы дәл осындай табыс дегейінде орташа өмір сүру ұзақтығы төрт жылға ұзағырақ болған. Тамақтану жүйесінің жақсаруы, білім беру саласы, медициналық технологиялардың жетілуі, ақпаратты алу және пайдаланудың институционалдық потенциалынының өсуі қоғамның осы білімдерді дұрыс пайдалануы, тиімді медициналық қызмет, белгілі бір тұрақты деңгейдегі табыс деңгейінде орташа өмір сүру ұзақтығы жоғарылады.
Денсаулық сақтау саласы және экономика өте тығыз байланысты. Ұлт саулығы экономика дамуы үшін маңызды рөль атқарады. Денсаулық пен экономика арасында келесі байланысты байқауға болады. Денсаулығы жақсы адамдардың жұмыс өнімділігі жоғары және экономика және қоғам дамуына үлкен үлес қосады. Дамыған экономика ұлт саулығына үлкен үлес қосады. Теңсіздік деңгейін бақылай отырып, әлеуметтік ортаны жақсарту арқылы өмір сүру сапасы жоғарылайды. Сапасы жоғары медициналық қызмет тұрғын халық саулығын жақсартады. Дені сау тұрғын халыққа денсаулық сақтау саласына шығындар аз кетеді. Табысты экономика денсаулық сақтау саласына көбірек ресуртар береді. Ұлт саулығына көп факторлар әсер ететін феномен және олар терең, жан жақты зертелген. Қазіргі кезде әр фактордың әсерінің үлесін бағалау жұмыстары жүргізілуде. Факторларды мынадай топтарға бөлуге болады: әлеуметтік, экономикалық, және мәдени факторлар, табыс пен білім деңгейі, жұмысбастылық, әлеуметтік қолдау; мінез — құлық факторлары, өмір сүру және қоршаған орта жағдайы, жаман әдеп қылықтар, тамақтану, физикалық белсендідік, таза суға қолжетімділік, ауаның ластануы; жеке тұлға факторлары- физиологиялық, генетика, психологиялық, өз өмірін бақылау қабілеті. Медициналық қызметке қолжетімділік, профилактика және емдеу.
Бұл жұмыста ұлт саулығының тек әлеуметтік- экономикалық аспектілері қарастырылады. Бүкілдүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымында денсаулықтың әлеуметтік факторларын зерттеу бойынша арнайы комиссия құрылған. ғылыми зертеулер қорытындысы ата-аналарының оқыған жылдарының ұзақтығы, денсаулық деңгейі және өмір сүру ұзақтығы арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді. Білімнің денсаулыққа әсер ету каналдары әртүрлі. Адамның жеке табысы және әлеуметтік — экономикалық статусы, өзің-өзі түсінуі, керек информацияны тауып алу қабілеті, салыстырып қорытынды жасау, керек сұрақтарды қоя білуі, әрине оның білім деңгейіне байланысты.
Ұлт саулығының әлеуметтік-экономикалық детерминанттары — әлеуметтік иерархия, табыс теңсіздігі, экономикалық өсу, әлеуметтік капитал, халықтың этникалық құрамы және еңбек нарығы параметрлері, әлеуметтік нормалар. Адамдардың өмір сүретін әлеуметтік-экономикалық контексінің сипаттамалары: қоршаған орта жағдайы, тұрғын үй жайлылығы, транспортпен қамтамасыз етілуі, тұрмыстың жағдайы, қылмыс деңгейіне байланысты. Адам өмірінің әртүрлі кезеңдеріңе микро-макро климат әсер етеді, оның физиологиялық, психиологиялық, моральдық жағдайын айқындайды, денсаулық сақтау саласының да ролі зор, ол тек медициналық араласу емдеу және профилактика қамтиды. Эмпирикалық зерттеулер ұлт саулығы деңгейі мен әлеуметтік экономикалық детерминанттар арасындағы байланысты бағалау: бірінші кезектегі факторлар әлеуметтік- экономикалық және демографиялық; екінші кезектегі факторлар, биологиялық, психоәлеуметтік өмір сүру салты. Тұрғын халықтың әртүрлі топтары арасындағы денсаулық теңсіздігі күшейеді. Кедей үй шаруашықтары бай үй шаруашылықтарына қарағанда, табыстарының көп бөлігін тамақтануға жұмсайды. Денсаулық теңсіздігін негізгі себептерінің бірі табыс деңгейі. Кедейшілік пен денсаулық арасындағы байланыс тек дамушы және кедей елдерде ғана емес бай елдерде байқалады. Дамыған елдер үшін материалдық жағдай факторы маңыздылығы төмен болғанмен психо-әлеуметтік факторлар маңыздылығы өсуде. Дамушы елдерде ЖІӨ және ұлт саулығы арасындағы байланыс өте күшті болса, дамыған елдерде мұндай байланыс күрделі. Кедейлік дегеніміз не деген сұраққа толық түсінік жоқ. Экономика өсуі кезінде абсолютті кедейшілік деңгейі өседі, кедейшіліктің денсаулыққа әсері сақталады, ғылыми зерттеулер қорытындысы көрсеткендей табыс теңсіздігі жоғары қоғамда өлім жітім деңгейі де жоғары болады. Сонымен өлім- жітім деңгейі табыс деңгейіне байланысты деп қана қоймай табыс қалай бөлінетіндігіне байланысты деп айтуға болады. Сәйкес деректері бар мемлекеттер бойынша әлеуметтік экономикалық статусы төмен тұрғын халық топтарында басқалар жоғары топтарға қарағанда денсаулық деңгейі төмен деп тұжырымдауға болады. Канадалық ғалымдардың тұжырымы бойынша денсаулық сақтау және білім беру салаларының қаржыландырылуы, қолжетімділігі, әлеуметтік экономикалық топтар арасындағы теңсіздікке байланысты. Білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметі толық ақылы мемлекеттерде денсаулық деңгейі, медицина қызметіне, қолжетімділік, төлем қабілеттілігі шектеулі немесе ақы төлеу мүмкіндігі жоқ төмен топтар денсаулығының төмен деңгейі байқалады. Керісінше, денсаулық сақтау саласы қоғамдық қаражаттан қаржыландыратын мемлекеттерде табыс және денсаулық деңгейі арасындағы байланыс әлсіз. Денсаулық деңгейіндегі теңсіздік, адам өзінің әлеуметтік иерархиядағы орнын табысқа байланысты салыстыру арқылы байқалады. Табыс теңсіздігі және денсаулық арасындағы байланыс өте әлсіз екендігін дәлелдейтін де зерттеулер бар.
К. Джади және И. Паттерсон деген ғалымдар табыс теңсіздігін денсаулық деңгейінің өзіндік детерминанты деген пікірді тіпті күшейтіліп айтылған деп санайды. Олардың ойынша, анықталған корреляция төменде айтылған екі фактордың жанама өнімі. Біріншіден жеке табыс пен денсаулық деңгейі арасындағы байланыс сызықты емес, яғни кедейшілік ылғи денсаулыққа жағымды емес нәтижелермен байланысты, екіншіден табыс теңсіздігі басқа параметрлер мөлшері болып табылады. Еңбек нарығындағы өзгерістер мен кепілсіз жұмысбастылықтың адамдардың денсаулығына, әлеуметтік, психикалық, физикалық, әл- ауқаты деңгейінің әсері байқалған. Осы проблемаға арналған көптеген зерттеулер жұмыс орнының қысқаруы мен адам денсаулығы арасындағы байланысты зерттеген. 20- ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап осы кезеңге дейін оннан астам көп жылдар бойы зертеулер жүргізілген. Зертеулердің барлығында жұмыс орны санының қысқаруы адам денсаулығының бір немесе бірнеше көрсеткіштеріне әсер ететіндігі байқалды. Аталған зерттеулердің бесеуінде әйелдер және ерлерден тұратын бақылау тобы құрылған, келесі екі топта инженерлік-техникалық жұмысшылардан тұрады. Зерттеулерде жұмысты жоғалту мерзімін күту кезеңіне көңіл бөлінген. Осы кезеңде «жақын адамын жоғалту» қайғысына пара-пар уайым қайғы болған.
Жұмысбастылық, жұмыссыздықтың және психологиялық денсаулық арасындағы байланыс териясы өткен ғасырдың 80- жылдары ерекше дамыды. Д. Фрайер үш түрлі ұсыныс жасаған, «күту-құндылықтар», «агенттік шектеу теориясы», «латентті функция депривиациясы». Адамның іс әрекеті, күтетін оқиғалары оның құндылықтарымен байланысты, альтернативті іс-әрекеттің салдарымен салыстырғанда «агенттік шектеу теориясы» жұмыссыздықтың денсаулықты нашарлататын кері психологиялық әсері, адамның жоспарына және өмірлік стратегиясына мезгілсіз кірісуден туады дейді. Адамдар жұмыссыз қалғанда жұмыстың латентті функцияларынан да айырылады. Жұмыстың жалғасуына кепілдік болмаған жағдайдың адам денсаулығына әсері туралы зерттеулер Ұлыбританияда жүргізілген. 1984 жылы басталған мемлекеттік органдардың көрсететін қызметті приватизациялау кезінде, 1988 жылдан бастап 382 мың мемлекеттік қызметкер болашақта приватизацияға жататын 125 агенттіктерге жұмыс орнын ауыстырған. Осы қызметкерлердің денсаулық жағдайы приватизацияға жатпайтын агенттіктер қызметкерлерімен салыстырылған. Мүлікті басқару агентігі, яғни приватизацияға жататын департамент қызметкерлерін ауру-сырқат деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер өскен, әйелдер және ерлер арасында айырмашылық байқалмаған, екі топта да ауру сырқат көбейген. Ерлердің жұмыс статусының өзгеруіне байланысы психологиялық көрсеткіштерінің сапасы төмендеген. Қызметкерлер арасында ажырасу, ал ажырасқандар арасында өлім-жітім көрсеткіші көбейген. Жұмыссыздықты басынан өткізген адамдар ұзақ мерзімдегі периодта ауру сырқауға жоғары тәуекелді болды. Жұмыссыз ер адамдардың әйелдері, балалары, тіпті өте кішкентай балалары өлім-жітімнің жоғарғы тәуекелінде болды. Зерттеулер нәтижесінде денсаулық сақтаудың үш түрлі бағдарламасы ұсынылды. Біріншісі денсаулықты сақтау туралы білім беру, екіншісі әлеуметтік, мәдени, экономикалық, саяси сфералар адам саулығына, жеке қабылдайтын шешімдері мен өмір салтынан гөрі күштірек әсер етеді дейді.
Экономикалық модель өмір сүру салты мен қоршаған орта арасындағы байланысты көрсетеді. Қазіргі заманғы зертеушілер экономикалық модельді бірақ жақын уақытта жеке бастылық модель яғни денсаулыққа үйрету басымды модель болмақшы. Денсаулық экономикасындағы сұраныс экономиканың басқа салаларынан айырмашылығы бар, икемділігі аз, қысқа мерзімде өзгертілмейтін, қаржыландыруға байланысты ұғым.
Денсаулық деңгейін теңсіздік және жеке тұлғаның әлеуметтік статусымен байланысты. Көптеген мемлекеттер мысалында әлеуметтік экономикалық статусы төмен топтарда денсаулық деңгейі де төмен болатындыы дәлелденген. Адамдарды жасы бойынша топтастырғанда, ауру сырқат типтері бойынша теңсіздікті байқауға болады. Әлеуметтік статус тек қана байлық және табыс деңгейімен емес, білім деңгейі, мамандық, адамның ресурстарды басқару мүмкіндіктерімен анықталады. Айталық, 80 жасқа келген европалық ерлер арасында төмен деңгейлі білімі барлар арасында 58,8%, ал жоғарғы білімді ерлер арасында 40,2%. Денсаулық деңгейіндегі теңсіздік бір мемлекет ішінде және мемлекеттер арасында да болады. Денсаулық деңгейіндегі теңсіздік бір мемлекет іщінде және мемлекеттер арасында да болады. Денсаулық деңгейіндегі теңсіздікті төмен, орташа және жоғарғы деңгейлі табысы бар мемлекеттерде де байқауға болады. Денсаулық деңгейіндегі теңсіздіктің жеті түрлі есебін атап айтуға болады:
– Табиғи биологиялық себептер;
– Денсаулыққа зиян келтіретін мінез құлық, егер адам оны өз еркімен таңдаған болса;
– Денсаулығын сақтау әдеп ғұрыпын қабылдаған тұрғындар тобымен басқа топтар арасындағы айырмашылық;
– Таңдау жоқ кездегі денсаулыққа зиян келтіретін іс әрекетті таңдау;
– Жұмыста және күнделікті өмірде денсаулыққа зиян стресстер болуы мүмкін;
– Қажетті денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет түрлеріне қолжетімділік теңсіздігі;
– Әлеуметтік ұтқырлықты табиғи сұрыптау, ауру адамдардың әлеуметтік сатыда төмендеуі.
Жеке тұлғаның іс -әрекеті әлеуметтік, экономикалық параметрлермен шектелуі мүмкін. Айталық кедей әлеуметтік топтар тұрғын үй жағдайы нашар, лас және қауіпті жұмыс істейді, нашар тамақтанады және таңдау мүмкіндігі шектеулі. Осыдан келіп туындайтын денсаулықтың нашар көрсеткіштері әділетті болып саналмайды. Саясат міндетті денсаулықтағы теңсіздікті толығымен жою емес әділетсіздік факторларынан туындайтын теңсіздікті азайту.
Әл ауқатты мемлекет принциптері қоғамның тарихи дамуының жемісі. Екі әртүрлі мемлекет модельдерін қалыптастыруға атсалысқан О. фон Бисмарк и У. Беверидж есімдерімен байланысты. Біріншісі әлеуметтік сақтандыру, екіншісі бюджеттік қаржыландыру саясатына негізделген. Әлеуметтік саясат идеясы Германиядан келген және әлеуметтік сақтандырумен байланысты. Сақтандыру схемалары Австрияда, Бельгияда, Францияда болуына қарамастан О. фон Бисмарк жалпы мемлекет масштабында әлеуметтік сақтандыру идеясын алғашқы рет қолданды, сақтандыру жарнамасын төлейтіндер сақтандыру қорларынан шығындарының белгілі бір бөлігін қайтарып алуға мүмкіндігі туды. Сақтандыру қорына барлық қатысушылардың қаражаты жинақталған еді. Әлеуметтік сақтандыру таза нарықтық жүйе емес, оның кепілі мемлекет. Бұл модельдің пайда болуы Германияда жұмысшылар мәселесін шешу қажеттілігінен туындаған еді. Осы модельдің пайда болуымен жұмысшылар жұмыс берушілермен қатар әлеуметтік сақтандыру жүйесін басқаруда әлеуметтік стаусқа ие болды. Әлеуметтік саясаттың дамуына әсер еткен екінші құбылыс У. Беверидж жоспары болды. Оның негізінде таңдау емес универсализм жатыр. Оның жоспары қоғамның барлық мүшелерін қамтиды, жұмыс істейтіндер және жұмыс істемейтіндер қоғам тарапынан белгілі бір әлеуметтік қорғауға ие болады. Ұлттық минимум идеясы әл-ауқатты мемлекет принциптерін еске асыруда өте маңызды қадам болды. Бұл қоғамдық қызмет көрсетудің әлеуметтік схемасы болды.
Автор:
Ләззат СПАНҚҰЛОВА,
экономика ғылымының докторы,
Нархоз университетінің профессоры. Алматы қаласы.
«Түркістан» газетінен.
http://zhardem.kz/news/8302 |