Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:27
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛУШЫЛАР МӘМС ҚОРЫНА ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН БОСАТЫЛАДЫ

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының әр азаматын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру күшіне енеді. Қорға жарна төлеуден жұмыссыздар, әлеуметтік төлем алушылар және басқа да азаматтар босатылады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Азаматтардың мәртебесін белгілеу, жұмыссыздар мен нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды анықтау жөнінде атаулы жұмысты ұйымдастыру үшін қалалық штаб пен мобильді топ құрылды. «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне мәртебесі жоқ жеке аталған адамдарды өзектендіру үшін штаб Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында орналасқан»,- деп хабарлады astana.gov.kz.

Денсаулық сақтау басқармасы бекітілген халық тізілімі бойынша, мәртебесі жоқ адамдардың тізімі бойынша салыстырып тексеру жүргізеді, үйлерді аралайды.

Білім басқармасы мәртебесі жоқ адамдардың тізіміне сәйкес мектепке дейінгі мекемелердің балалары, мектептер мен колледждер оқушылардың, сондай-ақ колледждер студенттердің ата-аналарының әлеуметтік мәртебесін анықтайды.

Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясы басқармасымен ұйымдастырылған ПИК және үйге қызмет көрсететін компаниялардың өкілдерімен пәтер аралау жүргізіледі. Жергілікті полиция қызметімен аулаларды аралау жүргізілетін болады.

http://qazaly.kz/leumettik-t-lem-alushylar-m-ms-oryna-zharna-t-leuden-bosatylady/

Просмотров: 967 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]