Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:30
ҚҰЛАҚ КҮТІМГЕ ЗӘРУ

Құлақесту мүшесі. Анатомиялық құрылымына қарай құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады.

Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей корғаныштық кызмет атқарады.Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Есту мүшесіне ішімдік өте зиян.

Қатты дыбыс та құлақтың жауы. Біздің құлағымыз 40-45 децибел шамасындағы дыбыстарды қалыпты қабылдайды. Сағатына 30-40 км жылдамдықпен қозғалатын көлік 55 децибел шамасында, оятқыш қоңырау — 80 децибел, мотоцикл – 85 децибел, рок-концерт – 90 децибел, іске қосылған ұшақ қозғалтқышының қуаты 120 децибел шамасында дыбыс шығарады. Қорғаныс құралдарынсыз олардың жанында біраз тұрғаннан соң, құлақтың естімей қалуы әбден мүмкін. Ұзақ уақыт бойы әсер еткен жағдайда қарқыны төмен (85 децибелден кем) дыбыстар да қауіп төндіреді. Адам күні бойы құлаққаппен жүрсе, есту қабілеті күрт нашарлайды.

Құлаққапты құлақты сақтайтын құралмен ауыстыруды ұмытпаңыз. Тығындылар кез-келген қатты дауыстан қорғайды. Алайда құлақты сақтау құралы қышып дуылдауға әкеліп соғуы мүмкін, бұл жайт дыбыс жолдары терісінің тыныс алуының бұзылғандығының белгісі.

Есту дәрежесін тексеріп тұрыңыз. Шамамен алғанда адам құлағына қолсағаттың дауысы естілуі керек. Былай да бақылуға болады: біреуді 6 метр қашықтықтан сөйлетіп, оның сыбырлап айтқан сөздерін қайталап көріңіз. Ести алсаңыз, жақсы. Ести алмасаңыз, дәрігерге қаралыңыз.

Тоқыма өндірісінің жұмыскерлері, тегістеушілер, бұрғышылар отораларинголог-дәрігерлердің тұрақты пациенті. Бұл олардың мамандықтарының ерекшеліктеріне байланысты. Бірақ, қазіргі таңда олардың қатарына оқушылар мен студенттердің де қосылғандығын өкінішпен айтуға болады. Қазір жастар құлаққап арқылы музыканы көп тыңдайды. Зерттеуге сүйенсек, күн сайын бір-төрт сағат бойы үзіліссіз әуен тыңдаған адамның есту қабілеті төмендейді екен, ол бірте-бірте кереңдікке апарып соғады.

Жұқпалы аурулар да есту қабілетіне өзінше әсер етеді. Тұмау, паротит, қызылша сияқты аурулар құлақтың қабынуына соқтырады. Қан жолдарындағы ауытқулар да өте қауіпті. Қан ұюы салдарынан да адам керең болуы мүмкін.

Қатты шудан құлаққап-антифон киіп немесе есту жолдарының пішінін қайталайтын және қауіпті дыбыстардан сенімді сақтайтын силиконды тығындар пайдалану керек. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда мақтаны майлап, құлақты тығындауға болады, бұл ағзаны жоғары децибел әсерінен сақтайды.

Көлікте музыка тыңдауға әуес болмаған жөн. Тұмауратып жүрген болсаңыз, плейерді мүлдем тыңдамаған абзал. Қан қысымы деңгейін бақылауда ұстаңыз.

muslim.kz

http://aqmeshit-aptalygy.kz/la-k-timge-z-ru/

Просмотров: 1009 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]