Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:10
КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АСА ҚАУІПТІ

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы–аса қауіпті жұқпалы ауру. Кенелер Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қоздырғыштарын тасымалдап, оларды адамдарға, жан-жануарларға таратушы болып табылады. Кенелердің ауру таратуда ролі зор, олар қоздырғышты өмір бойы өз денесінде сақтайды, оларды жұмыртқасы арқылы өз ұрпағына таратады, яғни бір аналық кене 8-10 мың жұмыртқа салып, одан өсіп-өніп шығатын 8 мың кенеге өзінің бойындағы қоздырғыштарды таратады.

Иә, бүгінгі таңда ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан қолайсыз 26 елді мекен анықталып отыр.

Адамға ауру жұқпалы кене шаққанда немесе жаншылған кенені жалаң қолмен ұстағанда, малдардың үстіндегі кенені жалаң қолмен жұлған кезде, малдарды сою немесе қой-ешкіні қырыққанда, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде оның қанымен немесе басқа да сұйықтықтарымен жанасу болғаннан кейін жұғады.

Вирустың берілуін тоқтату және жұқтырудың алдын алу үшін жабысқан кенені мүмкіндігінше тез алып тастау керек. Соңғы ғылыми деректерге сәйкес кенені денеден шығару үшін ешқандай сұйық майды тамызудың қажеті жоқ, себебі тамызылған сұйық май әсерінен кене тұмсығын дененің терең қабаттарына тығып, оның шығуы қиындайды. Қорғалмаған қолмен кенені ұстау қауіпті екенін есте сақтап, кенені қысқышпен ұстап алу керек. Қатты қыспай (кенені езіп алмас үшін), абайлап және ұқыпты (теңселтпей, жұлқыламай) тартып алу керек. Кене алынған жерді спиртпен немесе йод ерітіндісімен сүртіңіз.

Егер Сізді кене шағып алған болса, онда тұрғылықты жер бойынша міндетті түрде емдеу мекемесіне медициналық көмекке жүгініңіз. Уақытылы дәрігерлерге қаралып, емделмеген жағдайда арты өкінішке соқтыруы мүмкін.

Індетті болдырмас үшін басты жағдайлардың бірі-әрбір қожалықтағы мал қораларды қилардан, лас-қоқыстардан тазарту, жеке қожалықтардағы малдарға, мал қораларға кенелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Сондай-ақ, малдарды қырыққанда арнайы жұмыс киімін, резеңке қолғап киіп жұмыс жасау керек екенін естен шығармаңыз. Өрістен келген малдардың үстін мұқият қарап, кене жабысқан жағдайда залалсыздандыруға әрекет жасаған жөн. Алынған кенелерді міндетті түрде өртеп жіберу керек. Мал баққанда, табиғат аясына демалуға шыққанда денеге кене жабыспау үшін сақтық шараларына басымдық берілген дұрыс.

Кенелер-өте иісшіл. Үркітетін препараттарды киімнің, аяқ киімнің сыртына сеуіп шықса, кене жоламайды. Кенелердің денеге жабысуын болдырмайық, ауырмас үшін кенеден сақ болайық!

Елдос Сембеков,

Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы

http://tolqyn.kz/kongo-yrym-gemorragiyaly-yzbasy-asa-auipti/

Просмотров: 1043 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]