Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:45
«Халықты емдеп, олардың батасын aлғанның өзі бip бақыт»

Әлемнің асылы - ол Ана. Осынау қасиетті атқа шаң жұқтырмай жүрген жандар – ортамызда көптеп саналады. Солардың бipi - облысымыздың ана мен бала денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын кәсіби бiлiгi жоғары мамандар шоғырланған «Жанар» клиникасының директоры Бейсова Үрмия Қожахметқызы. Ол отбасының ұйытқысы, сүйікті әже, ардақты ана, білікті басшы. Күнкөрісі қиын өткен ғасырдың соңында кәсіпкерлікті қолға алып, оны ұршықша үйipгeн Үрмия Қожахметқызы тоғыз жылдан бepi халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ облыс әкімi жанындағы әйелдер icrepi және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі. Үнемі үйрену үстінде жүрген ол «Білгенім бip тоғыз, бiлмегенiм тоқсан тоғыз»,- дейдi. Әр адамның тағдыры өз қолында. Үрмия Бейсова соның шындығын дәлелдегендердің бipi. Жастайынан дәрігер болуды армандаған ол - бүгінде халықтың ықыласына бөленіп, дегеніне жетті. Оның дәрігерлік еңбек өтілі 30 жыл. Ұрпақ тәрбиесінде абыройсыз болған жоқ. Әрдайым ізденіске құштар жанның басқарып отырған емханасы еліміз бойынша озықтардың қатарында. Өткен қиындықгарды еске ала отырып, қазір оған жету әрине, оңай соққан жоқ дейді ол. Tілшіміз Әсел Бердіқожаева қиындыққа қарсы тұрып үйренген іскер жанмен тілдесіп, ой бөліскен болатын.

 

-  Сұхбатымыздың басында өзіңіз жайлы оқырмапларымызға кеңірек әңгімелеп өтсеңіз... Дәрігерлік мамандықты өз жүрек қалауыңызбен таңдадыңыз ба? Алғашқы еңбек жолыңыз қалай басталды?

 

Мен Қармақшы ауданында дүниеге келдім. 10 жылдық  мектепті бітірген   соң Алматыдағы республикалық медициналық колледжге түciп, білім алдым. Әрине, мамандықтың жаманы жоқ қой, мен осы дәрігер мамандығын өз жүрек қалауыммен таңдадым. Алғашқы еңбек жолымды Қармақшы аудандық  ауруханада медбике болып бастадым. Арада 1-2 жыл өткен соң Ақтөбедегі медициналық институтта біліміміді жалғастырып, келген соң аэропортта дәрігерлік амбулаторияның меңгеруппсі болып жұмыс істедім. Азды-көпті жұмыстың қыр-сырын біліп, оң-солымды таныған соң 12 жыл жемісті еңбек еттім. Көп жылғы еткен еңбегім мен жинаған тәжірибемнің арқасында қала орталығынан №6 емхана ашылған соң қалпына келтіру бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалдым. 12 жылдан астам уақыт сонда қызмет атқардым. 2003 жылы жаз мезгілінде «Жанар» клиникасын аштым, Жанар есімді қызымның құрметіне. Биыл 9 жыл болды сапалы медициналық жәрдем көрсетіп келеміз.

 

- Клиниканың қызмет сапасын көтеру мақсатынла қандай шаралар   қолданылып жатыр?

 

- Соңғы жылдары елімізде жекеменшік медицинаға деген көзқарас жақсара бастады. Өйткені жекеменшік медицина саласында қызмет сапасы артуда.   Ең бірінші келген науқасты ықыласты жылы қабақпен қарсы алып, медицинадағы кәсіби этика, ар-ұят, профессионалдық намыс, ізгілік   категорияларын сақтағанды жөн санаймыз. Өтпелі қиын кезең, коммерция... Ақша-ақша деп көп нәрсені, әcipece, адамгершілік қасиеттерді ұмытпауымыз  да қажет. Халыққа қиын кезде қасынан табылу кәсіби парызымыз екенін әрдайым есте ұстаған жөн.

Жалпы, дәрігер қауымына қойылар талаптьщ ең қарапайымы да, ең қағидалысы да осы. Ауырған кісілердің уақытын алмай, адал қызмет атқару керек. Біздің қызметімізге жүгінген адамдардың бәрін туысқаны есебінде жанашырлықпен қабылдау керек деп есептеймін. Клиниканың әрбір қызметкеріне осы мәселелерді үйретіп келемін.

2000 жылдардың бас жағында жеке клиника ашу оңайға тиген жоқ. Tiпті

Үкіметтің жұмысынан жеке жұмысқа көшуге журексінетіндер көп болды.  Сол шақта маған келем деген бірқатар қызметкерлер жеме-жемге

келгенде өз ойларынан бас тартты. Сонда да бүгінде қарамағыма кәсiби

бiлiктiлiгi жоғары дәрігерлерді жинап, халыққа сапалы қызмет атқарып   келеміз. Жаңа кызметкерлерді қабылдағанда тест арқылы білімін анықтап   алып, адамдармен қарым-қатынасына дейін байқап жұмысқа аламын.

Қызметтегі алғашқы баспалдағын біздің клиникада өткізгендер қазір   облысымыздың Гиппократ антына адал дәрігерлер санатында.

 

- Медициналық бизнес рыногындағы жетістіктеріңіз қандай?

 

- Бүгінде клиникаға жүгінетін адамдар саны артып келеді. Тіпті отбасымен өз денсаулықтарын бiзre сенім артып жаткандығы біз үшін үлкен жетістік. Өзге өлкелерден арнайы іздеп келіп, емделіп жатқандар да баршылық. Оңтүстік Қазақстан бойынша «Золотые лидеры» номинациясының жеңімпазы атандық. Облыс бойынша «Халық қалауы» байқауында да жүлдеге ие болдық. Алғашкыда 3 бөлмеден жұмысын бастаган емдеу мекемесі бүгінде 14 бөлмеден құралған, заманауи қондырғылармен жабдыкталған. Тұрмыс жағдайы төмен науқастар келсе қол ұшын беруден жалыққан емеспіз. Қай науқас болмасын, дәрігерлердің жанға дауа болғанын қалайды. Сапалы қызмет көрсетсе екен дейді. Бүгіндері компьютерлік томографияга түсу үшін шалғайдағы жұрт қалаларға сабылуда. Қаладағы жекеменшік емханалар сол қондырғыларға ие болып, өзгеге де тиімді жағдай жасап келеді.

 

2005 жылы «Қанатты әйел-2» диплом иегері, 2005 жылы Қызылорда облысының әйелдер кеңесінің алғыс хатымен, 2005 жылы Мемлекетт!к тілдің мәртебесін көтеруге қосқан елеулі үлес үшін мақтау қағазымен марапатталды, 2009 жылы «Қоғамдық таңдау» дипломына ие болған, 2011 жылы Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай облыс әкімінің «Құрмет» грамотасына ие болды.

 

- Қызметте білікті де білімді басшы екенсіз. Ал, отбасындағы Үрмия Қожахметқызы қандай екен? Бала тәрбиесі туралы ойыңызды білсек...

 

- Өмірдің тәттісі мен ащысын ортақ көтерген жұбайым Мұхтар Бейсұлымен отасқаныма 30 жылға жуық уақытөтті. Бұрынғы кезде жақсы көру, сүю қазіргіден мүлде өзгеше сияқты еді. Біздің кезіміздегідей сөзге, уәдеге беріктік, адалдық сияқты асыл қасиеттер қазіргі жастардың да бойынан табылса екен деймін. Бәлкім, әр заманның, әр кезеңнің адамдарының  махаббатқа, өмірге деген көзқарасы әр түрлі болатын болар.Тағдырдың ауыр жолындағы кідірістерге сабырмен қарап, татулықты түсіністікпен жеңіп келеміз. Жұмыстың табысты болуы да отбасындағы түсіністік пен мамыражай жағдайларға байланысты болғандықтан әңгіме барысында бұл мәселені де назардан тыс қалдырмайын. Мұнымыз жәй емес еді. Жұбайым да дәрігер. Дуниеге 2 ұл, 1 қыз алып келдім. Бүгінде олар әр түрлі кәсіптің тұтқасын берік ұстап, елге қызмет етіп жүр. Қай қырынан болмасын дос-жаран, туған-туыстың бетке ұстар, айтулы шаңырақ иелері. Балдай тәтті 5 немерем өciп келеді. Олардың наздай қылығына тәнті болып жүрміз.

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы — қоғамның құрылымының кiшi тобы, алғашқы ұясы. Оның негізгі міндеті тәрбиелеу. Баланы өмірге әкелгенмен, оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылықтарын қабылдату, ата-бабаларымыздың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат eтiп өcipy - әке-шешенің ең маңызды міндеті болып табылады. Ата-ана баланы туғаннан жүріп-тұруға, үлкeндepдi құрметтеп сыйлауға, өз міндеттерін таза атқаруға, еңбекті құрметтеуге, қоршаған табиғатты сүюге тәрбиелейді. Бұл қоғамның алдындағы, әке-шешенің абзал борышы. Бала жас кезінен көргенін істейді, сондықтан балаға улгі болуға тырысқан жөн. Өз ұрпағы әке-шешенің перзенті, ұрпағы, қуанышы емес пе?! Біз жанұямызда балаға үнeмі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жолға бағыттауды өмір заңы деп қабылдап, бар жақсымызды бepiп, қатарға қосып кeлeмiз.

 

- Отбасыңыздағы үйлесімділікті қалай үйлестіресіз?

 

- Heгiзгі тізгін - отағасымның қолында. Ол отбасы, яғни әке-шешeci, әйелі, бала-шағасы, алдындағы жауапкершілікті өз мойнына алып, бip кісідей арқалап жүрген жан. Отағасым отбасының барлық мәселелерін өзі шешуге тырысады. Кейде бipre ақылдасып, кеңесіп те қоямыз. Отбасын құрған екі адамға алдымен керегі - түсіністік. Егер екі жас бірін-бipi ұнатып қосылғанымен, уақыт өте келе түсінісе алмаса, отбасында екеуара проблема туады. Елімізде көптеген отбасылардың шаңырағы шайқалуының негізгі ceбепшісі түсіністіктің жоқтығы сияқты. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің қасы-қабағына қарап, ойын, көзқарасын, тіпті талғамын түсінуге тырыспаса, отбасы бірлігін сақтау қиын. Ал біздің отбасында түсіністік бар. Жұбайым екеуміз бір-біріміздің көңілімізге қараймыз, ренжітпеуге тырысамыз. Өзара түсіністік татулықта, ал татулық бақытқа жеткізеді.

 

- Біздің қазақта алғашқы немересін ата-енесі алады немесе өздеріне   қаратып тәрбиелейді. Осыған қалай қарайсыз?

 

- Дәстүрлі қоғамда ата-ананың тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-аналар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп тірбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жайт кездеседі. Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тiperi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде ата мен әжелердің орыны ерекше.

 

- Сіздің ойыңызша ана мен ененің рөлі қандай?

 

- Ата-анам «Өмірде көрген қиыншылықтарың болса, ешқашан мойыма. Қайта сол көрген қиындығыңнан сабақ алып, еңсеңді тік ұста» дейтін. Ата-анамньщ сол сөздерін жадымда сақтап, қай істе болмасын кездескен қиыншылықты ақылмен, байыппен шешуге тырысып келемін. Қазақтың келіні атану мен үшін үлкен сый. Қыз кезімде жақсы отбасына келін болсам деген ой мені жиі мазалайтын. Құдайдың бағымды ашқаны деп білемін, Мұхаңдай ақылды азаматпен шаңырақ құрдым. Әйел заты болғаннан соң адал жар, ардақты ана деген атқа лайықты бола білу керек. Себебі, отбасындағы татулық пен ымыра-бірліктің ұйытқысы әйел ғой. Отбасындағы татулықтан өciп келе жатқан балалар үлгі алады. Сондықтан мен отбасында басталған татулық - елдің татулығы деп білемін.

 

- Әйелдер қоғам мен отбасы тізгінін қатар алып жүре ала ма?

 

- «Жан-жақты жарасымды жетілген әйел жан-жақты жетілген еркекке   қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейдегі адам» - деген екен Ф.Ницше. Әйел мен ер азамат отбасының ғана емес, қоғамның да қос қанаты. Сондықтан ер-азаматпен қабаттасып, заманның талабына сай әйелдер қауымы өмірдің әр саласында белсенділік танытып, мехнаты мол жұмыстың ауыртпалығына мойымай, түрлі қызмет атқарып келе жатыр. Затым нәзік болғанымен өмірден көңіліме түйгендерім көп. Мен қызметке ерте араласқандықтан   болар қызметкерлермен тіл табысып, ортақ бip мәмілеге келіп, жұмыла жұмысқа кipicy маған еш қиындық туғызған емес. Қазір де менің қарамағымда 8 адам жұмыс істейді. Қызметкерлерімінің көбісі осы саланың жілігін шаңып, майын ішкен адамдар десе болады. Жас мамандарға жол сілтер қандай күрделі мәселе болмасын бipre ақылдасып, ортақ шешім қабылдаймын. Сондықтан болар қызметтің ауыр жүгі өз арқамда болса да, мен шешім қабылдауда тығырыққа тіреліп көрген емеспін. Әйел жұмыс icтece бала тәрбиесін ұмыт қалдырады деген кездеседі. Біздің заманда барлығына үлгіру керек.

 

- XXI ғасырдағы әйел бейнесі қандай?

 

- Іскер әйелдер бизнестегі азаматтық белсенділікті арттыра отырып, халықтың өз елін көркейтуге деген құлшыныстарын жоғары етеді. Қазақстанның гүлденіп, көркейіп, дәулетті де сәулетті мемлекетке айналуы отбасындағы тату тірлікке байланысты. Ал үй ішіндегі мамыражайлық - ананың қолында. Содан болса керек, әйел ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың сақтаушысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің мәйегі ретінде бағаланады. Кез-келген жан алдымен ананың ақ сүтін өтеуді міндет етеді. «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды»  деп көреген халқымыз бекер айтпаса керек. Қашанда даналық сөзге жүгінген еліміз бүгінгі таңда жoғapы нәтижелерге қол жеткізіп, өркениетті өмірге қарыштап қадам басуда. Әйелдер қауымы елдің тыныштығын сақтап, Елбасының бастамасымен қолга алынған реформаларға қолдау білдіріп, ic жүзінде де, рухани тұрғыда да демеу көрсетуде. Облысымыздың нығаюы мен өркендеуі жолында атқарылған игі жетістіктер мен жеңісті де жемісті icтepre аймақтағы қыз-келіншектердің қосқан үлесі зор.

 

- Әңгімеміздің соңында жас отбасыларға айтарыцыз...

 

- Нарықтық заманның зардабын әcipece жас отбасылар тартып отырғаны белгілі. Тұрғын үй, жұмысқа тұру, материалдық жағдай, проблемалардың тізімі таусылмайды. Үкіметтен жәрдем болмаса, сенетін ағайындары болмаса олар қол қусырып қалады. Сондықтан бойларына сабырлықты серік етіп, жанұяның тipeгi саналатын сыйластықты ұмытпаған жөн. Сыйластық болған жерде барлығы да болады. Бейбітшілік пен ынтымақтың туы астына біріккен қазақ елінің осындай тату-тәтті отбасыларының арқасында бірлік бекем, қуаты мықты болмақ.

 

- Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан: Әсел АХМЕТҚЫЗЫ

 

«Жарасымды жанұя»

республикалық танымдық-тәрбиелік журналы,

№2 (8) ақпан 2012 жыл.

 

Просмотров: 522 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]