Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:31
Кардио және нейрохирургия саласының үздіктері сырбойылық әріптестерімен кездесті

Адам жанының арашашысы, кардиохирургия мен нейрохирургия саласының үздік білгірлері Юрий Пя мен Серік Ақшолақов сырбойылық әріптестерімен кездесті. Қазақстанның қос Еңбек Ері білген-түйгенімен бөлісіп, медицинадағы озық тәсілдерді көрсетті. Алтын қолды адам атанған Юрий Пя қызылордалық 58 жастағы тұрғынға операция жасады. Науқастың жүрек-қан тамырларының ақаулы жері ауыстырылды. Бұрын мұндай операциялар 4-5 сағатқа созылса, жаңа тәсілдерді қолдана отырып, оны 2-3 сағатта аяқтауға болады. Сыр еліне сапары барысында Юрий Владимирұлы мен Серік Қуандықұлы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін талқылаған жиынға да қатысып қайтты.

Серік Ақшолақов, Қазақстанның Еңбек Ері:

- Алдымызға қойған міндетіміз – қарапайым халыққа ең жоғарғы, сапалы дер кезінде жақсы көмек көрсету. Медицина саласының ақшасын арнайы қор төлейді. Бұл медицина саласының өте қарқынды өсуіне әкеледі. Екіншіден, ең жоғарғы сапалы көмек көрсетуге және медицина саласында істейтін кісілердің ақысын жақсартуға көмектеседі деп ойлаймын.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/164917-zdikteri-syrbojyly-riptesterimen-kezdesti

Просмотров: 1278 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]