Көзге арналған жаттығулар:
*Көз алмаларын вертикальды бағытта жоғары-төмен қозғалтамыз;
*Тез-тез ашып-жұму;
*Горизонтальды бағытта оңға-солға қозғалтыңыз;
*Саусақты мұрынның үстіне қойып, оған бірнеше секунд қарап тұру керек.
*Жиі-жиі жыпылықтату қажет;
*Диагональды қозғалыс. Көздің оң жақ қиығымен қарап, сол күйінде қарашықты жоғары-төмен қозғау. Сосын сол жақпен де дәл осылай қайталау;
*Терезенің жанына келіп, ең жақын, жақсы көрінетін нүктеге көз алмай қарау керек. Содан соң бірден шалғайдағы нүктеге ауысыңыз. Оған да бірнеше секунд жанарыңызды аудармай қарап тұрыңыз.
Бұл жаттығуларды күнделікті 6 реттен көп орындау қажет. Әр жаттығуға шамамен 1-2 минут жоғалтасыз. Байқағаныңыздай, жаттығулар да ешқандай күрделі емес.
Көздің көруін жақсартуға қандай тағамдар пайдалы?
-Грейпфрут. Оның құрамында көзге қажетті элементтер өте көп. Жемісті сыртқы жылтыр қабықшасынан арылтпай, бірге жеу қажет.
-Көзге К дәрумені өте қажет. Ол қырыққабаттың құрамында мол кездеседі. Әсіресе ашытылған түрі пайдалы. Сондай-ақ, дәрумендері бойында сақталу үшін қырыққабатты құрғақ күйінде тұтынған жөн.
-С дәрумені. Ол мүкжидектің, лимонның, қаражидек, қарақаттың құрамында көп.
-Мырыш. Бұл да көруді жақсартатын элементтердің бірі. Ағзаңызда мырыш жеткілікті түрде болуы үшін асқабақ дәндерін, грек жаңғағын, кешью дәндерін жеңіз. Балғын қырыққабат пен асқабақ тұқымынан дайындалған салат – көзді, көру қабілетін жақсартуға таптырмас дәрумен.
http://ikerim.kz/
http://aqmeshit-aptalygy.kz/k-ru-abileti-iz-nasharlasa/ |