19:17 Йеменде тырысқақ індетінен 400 адам көз жұмды |
27.05.2017,
Йеменде соңғы бір ай ішінде тырысқақтан қаза тапқандар саны 400-ге жуықтады. Сондай-ақ 38 мыңнан астам адам осы індетті жұқтырған. Қазіргі уақытта жергілікті билік әлемдік қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Өйткені аурудың таралу қаупі жоғары аймақтағы халық саны 7,5 млн асады. Айта кеткен жөн, Йеменде 2014 жылдан бері үкімет жасағы мен көтерілісші хуситтер арасында қарулы қақтығыс жалғасып келеді. Тырысқақтың тез таралуына осы жайт себеп. Өйткені атыс-шабыс кесірінен сумен қамтамасыз ету жүйесі зақымданған. Салдарынан бүгінде халықтың үштен бір бөлігі тіршілік нәріне зәру болып отыр. Ол аздай соғыстан елдегі жүздеген емхана қирап қалған.
Стефан Дюжаррик, БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы:
- Бүгінде тырысқақ Йеменнің 22 провинцясының 19-ында өршіп тұр. Жарты жыл ішінде ауруды тағы 100 мың тұрғын жұқтыруы мүмкін деп қауіптеніп отырмыз. Алайда қазір елде бар медициналық мекемелердің жартысынан көбі жұмыс істемей тұр. БҰҰ Йемен халқына барынша көмек көрсетуге тырысып жатыр. 1 мамырдан бері 1 миллион 600 мың тұрғын сумен қамтамасыз етіліп келеді. 200-ден астам емдеу бұрышы ашылған. Кеселмен күрес жоспарымыз да дайын. Алайда оған 55 миллион доллар қажет.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/179146-jemende-tyrys-a-indetinen-400-adam-k-z-zh-mdy
|
Просмотров: 1068 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]