Главная »
2017 » Қазан » 16 » Елімізде жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің саны азаюы мүмкін
09:25 Елімізде жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің саны азаюы мүмкін |
10.10.2017
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Оның айтуынша, жүйеде болып жатқан өзгерістің нәтижесінде бірнеше бригада жұмыссыз қалып отыр. Естеріңізге салайық, жедел медициналық жәрдем қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында дәрігерлер өмірге қауіп төнбеген жағдайда шақыруға келмейтін болды. Науқастарды емханалардағы мамандардың өздері қарайды.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: - Астанадағы бригадалар жұмыссыз қалып жатыр. Өйткені олар бұрынғыдай күніне 5-6 рет азаматтардың қысымын өлшеуге баруды қойды. Бұл – емхана мамандарының жұмысы. Қазір осы дәрігерлер науқастардың үйіне тезірек жететінін байқадық. Бірқатар өңірден түскен өтініштер бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларын қысқартатын боламыз.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/200552-elimizde-zhedel-meditsinaly-zh-rdem-yzmetkerlerini-s
|
Просмотров: 966 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]