Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:01
Екпе салдырту арқылы адам айналасын жұқпалы дерттен қорғайды

20.04.2017

 

Вакцина салудың қандай пайдасы бар? Бұл көптен бері көпшілік көкейінде жүрген сауал. Интерфакс агенттігінде бас қосқан медицина саласының мамандары осы тақырып аясында журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл жұқпалы сырқаттардың алдын алудың ең тиімді шарасы дейді мамандар. Елімізде соңғы 17 жыл ішінде полимелит жойылған. Сондай-ақ, қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитпен науқастану деңгейі күрт төмендеген. Халық арасында инфекциялық аурулар профилактикасы мәдениетін арттырудың маңызы зор. Екпе салдырту арқылы адам айналасын жұқпалы дерттен қорғайды. Сондықтан халық арасында вакцинация маңызы туралы анағұрлым кең насихаттап, шындыққа негізделген ақпарат беруге тиіспіз, - дейді медицина ғылымының докторы Әлім Айқынбаев. Әлемнің басқа елдері секілді Қазақстанда да екпелер күнтізбегі бар. Ол үкіметтің қаулысына сай бекітілген. Бала туылған соң, дәрігерлік тексерістен және ата-ананың келісімінен кейін нәрестеге бірінші күндерден бастап екпе жасалады. Сәбиге вакцинаның неғұрлым ерте жасалғаны дұрыс дейді медицина саласының мамандары. Қорыта айтқанда екпе егудің нәтижесінде елімізде соңғы жылдары өлім-жітім 20 пайызға азайса, сырқаттану деңгейі 50 пайызға төмендеген.

 

Айгүл Қуатбаева, ҚР ғылыми-практикалық орталық Департаменті директорының орынбасары:

- Мына вакцинацияға мемлекет тарапынан республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Бұл қаржы бүгінгі күні 20 млрд теңгенің айналасында. Жыл сайын 8 миллионға жуық халық арасында егу жұмыстары жасалады. Себебі кейбір мына жұқпаларға қарсы вакциянацияны 1 жасқа дейінгі балаларды біз екі реттен үш реттен егіп үлгеруіміз қажет.

Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/173614-ekpe-saldyrtu-ar-yly-adam-ajnalasyn-zh-paly-dertten-or-ajdy

 

Просмотров: 982 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]