Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



21:51
ЕАЭО аясында бірыңғай дәрі-дәрмек нарығы жұмысын бастайды

03.05.2017

 Алтыншы мамырдан бастап, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай дәрі-дәрмек нарығы жұмысын бастайды. Ұлттық сараптама орталығындағылар одақ аясында сарапшылардың міндет-мақсаттары бұрынғысынша қалатынын, бірақ дәрілік препараттарды тіркеу мен нарыққа шығару ережелерінің өзгеретінін айтады. Орталықтың хабарлауынша Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өндірушілерінен тіркеу туралы өтініштерін қабылдауға дайын. Өтініш беруші референт-мемлекетті тіркеудің ашықтығы, кезектің аздығы, бағдарламалық жабдықтаумен қамтамасыз етілуі, мәліметтерді электронды форматта өткізе алу мүмкіндігін ескере отырып таңдайды.

Ақмарал Қабденова, дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы директорының орынбасары:

- Бұл іс-шаралардың барлығы бізде қолжетімді. Тіркеуге өтініш берген компания логин мен пароль алғаннан кейін Қазақстанға келместен, сарапшылардың жұмысын бақылай алады. Біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында референт-мемлекет ретінде жұмыс істегіміз келеді. Біздің елімізде бұған барлық жағдай жасалған.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/175529-eaeo-ayasynda-biry-aj-d-ri-d-rmek-nary-y-zh-mysyn-bastajdy

 

Просмотров: 1002 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]