Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:43
Долана

Долана – сабақтары тікенекті кішкене келген бұта. Жапырақтары ірі, қою жасыл түсті, кезектесіп орналасқан. Жемісі уақ, алма тәрізді, ашық қызыл түсті. Долана мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.
Долана халықтық медицинада шипалы жеміс ретінде ежелден бері пайдаланылады. Оның фармакологиялық әсері, әсіресе, өткен ғасырда жедел зерттеле бастады. Долананың жүрек дерттеріне қарсы және ауырғанды басатын құрал ретіндегі шипалық қасиеттері анықталды.

Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтіп, әсіресе, қажыған кезде шипалы болады, жүрек қуыстарындағы қан айналысын жақсартады. Долананың әсерімен артериялық қысым бәсеңдейді, ісік, демікпе басылады, жүректің шаншып ауырғаны, ауырлау сезімі жеңілдейді, аурудың жалпы жағдайы жақсарады.
Жемістің тұнбасы жарты литр суға 40-50 грамм келетін мөлшермен жасалады. Долананы термоста тұндырған жақсы (түнде тұндырып қойып, таңертеңнен бастап жарты стақаннан күніне 3-4 рет ішеді). Фармакология өнеркәсібі долананың тұнбасы мен сұйық сіріндісін шығарады, мұның өзі Кардиовален дәрісінің құрамына да кіреді.

https://zhanaqorgan-tynysy.kz/kogam/2867-dolana.html

Просмотров: 771 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]