Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:05
ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН КҮНІНЕ ҚАНША СУ ІШУ КЕРЕК?

Әркім денсаулығының мықты болғанын қалайды. Адамдар салауатты өмір салтын ұстануға тырысып бағатыны сондықтан болса керек. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулықты сақтауда судың да алатын орны ерекше, деп жазды Маркетиум сайты.

Сутіршілік көзі. Сондықтан қалай дегенде де су ішу адам ағзасына тек қана пайда әкеледі. Егер ағзада су тапшылығы болмаса, сіз өзіңізді сергек сезінесіз. Сонымен, адам тәулігіне қанша су ішу керек?

Ғалымдар күн сайын ерлерге 3 литр, әйелдерге 2,2 литр су ішу жеткілікті екенін айтады. Алайда бұған таза газдалмаған су ғана емес, өзге де сусындар кіреді.

Орташа алғанда күніне 240 миллиграмнан 8 стақан су ішу қажет.

Ескере кететін жайт, жүрек және бүйрек аурулары кезінде суды тұтынуды азайту керек. Оның көлемін дәрігер белгілейді. Ал безгекпен ауырғанда және іш өту кезінде керісінше суды көп ішкен пайдалы.

Болар-болмас физикалық белсенділіктің өзі ағзадағы суды тер арқылы шығарып жібереді. Оның орнын толтыру үшін күніне ішетін судың көлемін 1,5–2,5 порцияға көбейту керек.

Мамандар аяғы ауыр және емізетін әйелдерге күн сайын 2,5-3 литр су ішуді ұсынған екен.

Baq.kz

http://qarmaqshy-tany.kz/densauly-ty-sa-tau-shin-k-nine-ansha-su-ishu-kerek/

Просмотров: 1361 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]