Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:07
ДӘРІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК

Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық қызметпен 383 көтерме және бөлшек сауда обьектісі айналысады. Оның 234-і дәріханалар болса, 106-сы дәріханалық қоймалар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменова мәлімдеді.

− 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 35 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 хаттама толтырылып, сомасы 1134500 теңгені құрайтын айыппұлдар салынды. Сонымен қатар, дәріханалық ұйымдар басшыларына дәрілік заттарды рецептімен босатуда бақылауды күшейту жөнінде хаттар жолданды, − деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, облыста 2017 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша, жалпы сомасы 511 758 000 теңгені құрайтын 3 бірліктегі қолданусыз тұрған медициналық техникалар бар. Оның ішінде Жаңақорған аудандық орталық ауруханасындағы құны 2 708 000 теңге ИВЛ SLE-2000 аппаратын теңгерімнен шығарып, құны 4 500 000 теңге «Полинаркон» аппаратын теңгерімнен теңгерімге беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Облыстық медицина орталығындағы» құны 504 550 000 теңгені құрайтын томограф магнитно-резонансный MAGNETOM Espree құрылғысы жөнделіп, қолданысқа берілетін болады.

Әсел БЕГМАН

http://aqmeshit-zhastary.kz/ajna/d-rilerge-ba-ylau-k-shejtilmek/

Просмотров: 962 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]