Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:37
Дәріхана косметикасы


Жақында ғана дәрі-дәрмектер, емдік майлар мен медицинада қолданылатын сұйықтықтарға басқа қырынан қарап, қасиеттерін тері күтім саласында да пайдалануға болатындығы жайлы айтып кеткен болатынбыз. Осы тақырыпты жалғастырып, дәріханадан табуға болатын "косметикалық құралдар" топтамасының екінші бөлігімен тансайық.
1. Апилак
Апилак – араның жатырлық сүтінен жасаланатын дәрілік зат. Бұл дәрі Кеңес заманында шығарыла басталып, бүгінде актуалдылығын жоғалтқан емес. Апилак – жалпы иммунитетті жоғарылататын зат алмасу прцесстерінің биогенді ынталандырушысы, адаптоген, аминқышқылдар мен макроэлементтер мен көптеген дәрумендердің қайнар көзі.
Апилак емдей алатын аурулар тізімі ұзын-ақ. Тәбеті жоқ балаларға, стресс пен аурудан кейін қалпына келу кезінде, тіпті белсіздікті емдеуде қабылданатын апилак, күнделікті қарапайым терінің қиындықтарымен де күрес алады екен.
Майын жағып, биологиялық белсенді қоспаны қабылдау нәтижесінде терінің майлылығынан арылуға, ісінген жерлерді басуға, терінің қозғыштығын жазуға болады.
Теріңіз өте майлы болса, Апилак майын аптасына бір рет теріге қалың қабатпен жағыңыз. Ал биологиялық белсенді қоспаны қабылдау нәтижесінде шаршағандық сезімінен арылып, стресстерден сауығуға, жалпы сергіп алуға болады.

2. Шайқурай, түймедақ, қалақай, әректікен (репей), кастор майлары
Өсімдік майларының барлығы кез келген дәріханада кездеседі. Табиғи өсімдік майлары шашты жақсы қоректендіріп, ылғалдандырады, шашты жалтыратып, қалпына келтіреді. Бағалары да арзан екенін есепке алсақ, олар жарнамаланған бальзам мен маскаларға жақсы балама бола алады.
Осы майлардың түр-түрін сатып алып, оларды ысытып шашқа жағыңыз. Аптасына бір-екі рет жасауға болатын бұл дауа шашыңызға табиғи беріктік пен жылтырды қайтарады.

3. Ағылшын тұзы
Ағылшын тұзы деп аталатын магний сульфаты немесе магнезия гипертония және бауыр ауруларына шалдыққан адамдарға таныс болуы керек. Магнезия жылдам қан қысымын төмендету үшін қолданылады.
Ұнтақ ретінде жасалған магнезия қосылған ванна арықтата алады. Ол ағзадан артық сұйықтықтарды шығаруға көмектеседі, сол себепті ісінулермен ауыратындарға, бүйрек ауруына шалдыққандарға жақсы көмектеседі.
Ағылшын тұзының тағы да бір жақсы қасиеті бар. Ол теріні жақсы, терең тазартады, сондықтан тері кемшіліктері бар аруларға пайдалы бомақ. Тері аурулары, арқадағы безеулерден арылу мақсатында осындай тұз қосылған ванна қабылдау керек. Алайда бұл дауаны бір айда бір реттен артық жасамаңыз.

4. Косметикалық саз (глина)
Косметикалық саз маскалары тері күтіміне қолданылатыны жайлы бәрімізге мәлім. Оған қоса, саз балшық қосылған ванналар, теріні орау өте пайдалы және әсерлі. Бұндай косметикалық сазды дәріханадан сатып алып, түрлі дауаларда қолданыңыз. Ақ саз құрғақ тері мен шашқа, жасыл саз кемшіліктері бар майлы теріге, көгілдір саз жалпы барлық тері түрлеріне келеді.

5. Сульсена пастасы
Біздің ата-аналарымыз заманында танымалдылыққа ие болған Сульсена пастасы селен дисульфиді негізіндегі эмульсия. Оны шаш күтіміне кең қолданады. Ол қайызғақты кетіріп, бас терісінің ауруларын жаздырады. Сондай-ақ өңі кеткен, ұштанатын, тез майланатын, көп түсетін шашқа пайдалы болмақ. Ол шашты ішінен берік қылып, қалың, жылтыр, сау қылады. Сульсена пастасын қолдану нәтижесінде шаш тазалығы ұзаққа сақталады.

6. Ромазулан

Ромазулан – микробтар мен ісінуге қарсы құрал. Оның құрамында түймедағы экстракты басты дәрілік эффектісін береді. Ромазуланды ваннаға, жасанды сусабын мен сабын, душқа арналған гельдерге, шаш пен теріге арналған маскалардың бәріне қосуға болады. Оны майлы және кемшіліктері көп теріге лосьон ретінде қолдануға әбден болады. Оны терінің тіпті қызыл иектің зақымданған жерлеріне жағып, дезодарант сияқты да қолдануға болады екен.

https://tirshilik-tynysy.kz/kogam/1368-drhana-kosmetikasy-.html

Просмотров: 538 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]