06:32 Дәрігерлер пара алмауы үшін, еңбекақысы жоғары болу керек |
24.02.17,
Дәрігерлер пара алмауы үшін, еңбекақысы жоғары болу керек. Бүгін ақ халаттылардың жоғын жоқтайтын кәсіподақ ұйымының мүшелері Денсаулық сақтау министрі мен парламент депутаттарына осы тұрғыдағы бірқатар ұсыныстарын жолдады...
Денсаулық сақтау саласының кәсіподағына айлығымыз шайлыққа жетпейді деп көбіне санитарлар мен медбикелер шағымданады екен. Ем-дом жүргізген жерлерді жуып-шайып жүретін медициналық қызметкер 35 мың теңге алса, медбикелердің төменгі жалақысы 60 мың теңге шамасында. Қымбатшылық қысқан қазіргі уақытта мұндай мардымсыз айлыққа жұмыс істеу мүмкін емес. Бала-шағасын асырауға әрең жететін жалақы алып, пәтер жағалап жүретін дәрігердің науқастың жағдайын ойлауға мұршасы болмайды дейді мамандар. Аяғынан тік тұрып сағаттап ота жасап, тәулік бойы зыр жүгіріп жүретін ақ халаттылардың беделі мен дәрежесін үкіметтегілер ойлауы тиіс дейді мамандар. Және медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін денсаулық саласындағы қызметкерлердің жалақысын өсірсе деген ұсыныс бар...
- Западта бәрі бай болады. Байлар дейді врачтар. Біздің жалақымыз аз деп келтіреді. Санитаркалар жалақысы өте аздау, әсіресе санитаркалар.
http://www.31.kz/video/show/id/17084/show/ib
|
Просмотров: 1463 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]