Облыстық медицина орталығының кеңес-беру диагностика бөлімшесінде 29 қазан – Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орай 2017 жылдың 26 қазан күні сағат 9:00-12:00 аралығында «Ашық есік күні» өткізіледі.
Шара аясында келесі мамандардан кеңес алуға болады: невропатолог, кардиолог, терапевт, қан-тамыр хирургі, эндоскопист, хирург, травматолог, лор, көз дәрігері, нейрохирург, пульмонолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, УДЗ, бет-жақ хирургі, уролог, гинеколог. Сондай-ақ ЭКГ, зертхана бөлімдері медициналық қызмет көрсетеді.
http://syrboyi.kz/zedelnews/14543-drgerler-kees-bered.html |