Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:50
Дәрігерді тілдеген ақтөбелік екі күн бойы абақтыда отыратын болды

КӨРНЕКІ ФОТО: SONNIK.RU

Ақтөбеде дәрігерді балағаттаған емделуші екі күнге қамауға алынды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Керек Инфо.

Оқиға 30 наурыз күні Ақтөбедегі теміржол ауруханасында болған.

Соттың мәліметінше, медициналық қызметке көңілі толмаған 31 жастағы ер адам жанжал шығарып, көз дәрігерін балағаттаған. Сот отырысы кезінде ол өз кінәсін мойындады.

Айтуынша, сол күні дәрігер жұмыс уақытының аяқталғанын сылтауратып, 7 айлық сәбиін медициналық тексерістен өткізуден бас тартқан. Тиісінше, ол жанжал шығарып, дәрігерге қоғамдық орында тіл тигізіпті.

Сот ұсақ құқық бұзушылық жасаған ақтөбелікті кінәлі деп тауып, екі күнге қамау туралы шешім шығарды.

https://www.nur.kz/1472725-darigerdi-tildegen-aqtobelik-eki-kun.html

Просмотров: 823 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]