Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:55
Дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу үшін заң әзірленбек

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа талабы стоматология қызметін қымбаттата ма? Депутаттың сауалына жауап берген министр бұл түсінбестіктен болған деп отыр. Үкіметте өткен брифингте Елжан Біртанов стоматологиялық қызметті тек жоғары білімді маман ғана емес, орта білімді дәрігер де көрсете беретінін жеткізді. Өйткені министрлік қызмет сапасын ғана тексеретін көрінеді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Стоматология саласы жеке сектор болғандықтан, біз оның жұмысына араласпаймыз. Шығынның барлығы нарықтың талаптарына қарай орнатылады. Тіс дәрігерлері мейлі ол орта немесе жоғары білімді болсын, осы уақытқа дейін жұмыс істеп келген және істей береді. Министрлік бұдан былай дәрілердің бағасын реттемек. Ол үшін заң әзірленіп жатыр. Ол тамызда дайын болмақ. Ал бүгін жалғыз дистрибьютор СҚ-Фармацияға жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін президент министрге компанияның бұрынғы басшысын қууды тапсырып, ол қызметінен кеткен еді.

http://astanatv.kz/news/show/id/55251.html
© Astana TV  

 

Просмотров: 850 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]