14:25 Біртанов медициналық сақтандырудың олқылығын шешті |
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Біртанов медициналық сақтандырудың олқылығын шешті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан тыс қалдырмауға тапсырма берген. Себебі осы санаттағы азаматтар жарна төлемесе, бірқатар медициналық қызметтерді ала алмайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз медициналық сақтандыру мәселелерін тағы бір мәрте талқылап шықтық. Қазіргі кезде Үкіметке де, Парламентке де аталған жүйені тиімді енгізуге арналған ұсыныстарды дайындап жатырмыз. Шыны керек, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерге қатысты проблема бар. Оны Президент те атап өткен. Біз оларды медициналық сақтандырудан тыс қалдыра алмаймыз. Жаңа жүйеге қатыспағаны үшін медициналық көмектің кейбір түрлерін бермеуге де құқымыз жоқ. Алайда олар да медициналық сақтандыруға белсене атсалысуы қажет. Осыған байланысты біз ұсыныстарды дайындадық. Жақын арада соның барлығын Елбасының қарауына енгіземіз», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында. Министрдің ойынша, алдағы уақытта өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеу шараларын қолға алу қажет. Сөйтіп, оларды ел экономикасын дамытуға ғана емес, медициналық сақтандыру жүйесін іске асыруға да тартқан жөн.
http://turkystan.kz/zhanalyktar/40577 |
Просмотров: 669 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]