ТЕХНИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР
БЕС МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚ ТОПТАМАСЫ
1. АЛҒАШ РЕТ АДАМ ЭМБРИОНЫ СӘТТІ «РЕДАКЦИЯЛАНДЫ»
АҚШ-да генетиктер тобы оның геномынан гипертрофиялық кардиомиопатияның дамуына жауапты MYBPC3 генін кесіп алып, адами эмбрионды сәтті «редакциялады». Жұмыс CRISPR технологиясын қолданумен өтті. Эксперимент барысында 12 дені сау әйел мен геномында MYBPC3 гені бар еркектен генетикалық материал алынды. Жасанды ұрықтандырудан соң 58 эмбрион қолға тиді. Зерттеушілердің манипуляциясының нәтижесі ересек адамға айналуы мүмкін 42 дені сау эмбрион болды.
2. АЛЦГЕЙМЕР КЕСЕЛІН УЛТРАДБЫСПЕН ЕМДЕУДІҢ ҮМІТ СИЛАР НӘТИЖЕЛЕРІ АЛЫНДЫ
Квинсленд ми институтының австралиялық ғалымдары иммундық терапиямен бірге ултрадыбыстық толқындарды қолдану Алцгеймер дертінің пайда болуына жауапты уытты ақуыздардан организмнің арылуына ерік беретінін пысықтады. Әдістеменің оңды әсері егеуқұйрықтарда дәлелденген және 2017 жылы адамдарды клиникалық зерттеу басталған. Жаңа әдістеме кеселді емдеуде серпінділік иеленіп оны емделуге болатын ете алады.
3. АИТВ ВИРУСЫН БӨГЕУДІҢ СӘТІ ТҮСТІ
Темпл халықаралық зерттеу университетінің ғалымдары тышқандардағы АИТВ вирусының әсерін бөгей алды. Зерттеушілер CRISPR әдістемесінің көмегімен cas9 ақуызын вирустық кодты тануды үйренетіндей етіп өзгертті. Тышқандардан қан алынып, оған cas9 ақуызы қосылды. Ақуыз АИТВ ДНК-сын иммундық жасушалардан тауып, вирустардың бір бөлігін аластады, одан кейін сау модифицирленген торшалар тышқандарға кері құйылды. Тышқандарға жүргізілген эксперименттер 95% ықпалдылық көрсетті. Келесі қадам – мұны приматтарда сынау.
4. РОБОТТАРДЫ ҚОЛДАНЫП АЛҒАШҚЫ СУПЕРМИКРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ
Нидерланды еліндегі Маастрихт университетінің Медициналық орталық хирургтары лимфедеманы емдеу үшін Microsure технологиясын қолданып алғашқы супермикрохирургиялық операция жасады. Роботқа өлшемі 0,3 мм болатын аса кішігірім қан тасушы және лимфатикалық тамырларды тігуге тура келді. Бүгінде бұл роботталған хирургия саласындағы серпінділік, бірақ көп кешікпей оның кәдуілгі жұмысқа айналуы ықтимал.
5. АҒЗАЛАРДЫ МҰЗДАТУ МЕН ҚАЙТА ЕРІТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНДАҒЫ СЕРПІЛІС
Миннесота штаты (АҚШ) Университетінің бір топ ғалымдары шошқаның бірнеше жүрек қақпағы мен артериясын сәтті мұздатып және қайта ерітті. Ондағы температура минутына жүздеген градус болған еріту процесінен соң жасушалардың өміршеңдігі 100%-ке жетті. Технология әзірше тек тіннің аздаған көсегінде жұмыс істейді, алайда ғалымдар жуық арада оны үлкен нысандар үшін бейімдеуді жоспарлауда. Сол кезде трансплантацияға арналған ағзаларды сақтау мәселесі шешілетін болады.
Сурет medwb.ru сайтынан алынып, өңделді.
Дайындаған: Наталья СЕГЕН.
Қазақшалаған: Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ.
Украина елінің «Участковый врач» журналынан. |