Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:22
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИОТЕХНОЛОГТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕЛІМ ЖАСАУДА


 Қазақстандық ғалымдар моллюсктер желімінен жасанды синтезделген супержелім жасауда. Хирургиялқ желімнің жабыстыру күші бұрынғыларға қарағанда 100 есеге артық, алдағы уақытта ол хирургиялық тігісті алмастыра алады, жараның жазылуын тездетеді және тіс емдеуде қолданылмақ, деп хабарлайды ғылым Комитеті.
Бес жылдан астам уақыт бұрын моллюсктер желімінің құрамын зерттеу нәтижелері алғаш рет жарияландыв. Бұл ғалымдардың қызығушылығын оятып, отандық хирургиялық желім жасауға түрткі болды.
«Ғалымдарымыз зерттеулерді оқып шығып, ойланып қалды. Моллюск бөліп шығаратын желімді пайдалансақ қайтеді? Ал бізде моллюск пен ДНК болмағандықтан, біздің ғалым Александр Шустов оны жасанды түрде синтездеді, бұл да оңай емес. Алынған ақуызды биохимиялық әдіспен тазарту керек», – деп түсіндірді ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры Ерлан Раманқұлов.
ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК генетикалық инженерия зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Александр Шустовтың жетекшілігімен медициналық желім жасау екі жыл бұрын қолға алынған болатын. Александрдың айтуынша, зертхана жобаларының басым бөлігі болашақта жаңа медициналық препараттарды жасау немесе маңызды медициналық міндеттерді шешу үшін қолдануға болатын эксперименталды жүйелерді алуға бағытталған.
«Жабысқақ әрі медициналық мақсатта пайдалануға болатын биоадгезивті материалдарды жасау тақырыбы бұрыннан қаралып келеді. Мұндай материалдар ағзаның ішінде нанобөлшектерді немесе шағын басқа да объектілерді бекіте алады», – дейді Александр Шустов.
Өнертабысқа қойылып отырған мұндай талап адгезияның физика-химиялық процесімен – жабысқақтығымен түсіндіріледі. Су ортасының диэлектрлік сіңіру қасиеті жоғары, бұл молекулалардың жабысуына кедергі келтіреді.
Биоадгезивті микробөлшектерді тіс емдеуде тіс жегінің алдын алу үшін пайдалануға болады. Бұл жағдайда олар тіс жегінің микробактерияларының өсуін бәсеңдететін арнайы химиялық заттарды тасымалдаушылар болады.
«Жобаның міндеттерінің бірі осы бөлшектерді ауыз қуысына – тістің немесе шырышты қабықтың бетіне бекіте алатын адгезивті материал жасауға негізделеді. Теориялық тұрғыдан осы материалды хирургиялық желім ретінде де қолдануға болады. Ол маңызды беттердің жабысуын қамтамасыз етуге тиіс», – деп атап өтті А. Шустов.
«Тағы да бір мәселе – бұл биоүйлесімділік. Классикалық хирургиялық желімдер өткен ғасырдың ортасында әзірленген және осы күнге дейін айтарлықтай өзгере қойған жоқ, өйткені биоүйлесімді және суда жабыстыру қасиеттеріне ие желімді жасап шығару өте ауыр», – деп түсіндірді биология ғылымдарының кандидаты.
Тігіс материалын алмастыратын өнертабыстың көмегімен жаралар тез жазылады және хтрургиялық тыртықтар қалмайды. Тігіс алу қажет емес. Арнайы ортада желім бір минуттың ішінде жабысады.
Жоба қолға алынған сәттен бастап жоғары адгезивті беріктілігі жоғары және ылғалды ортада пайдалануға болатын рекомбинантты адгезивті ақуыз жасалды. Үстіміздегі жылы орталықтың токсикология және фармакология зертханасында жануарларда клиникалыққа деуінгі зерттеулер жүргізу жоспарланған.
«Қазіргі кезде зерттеу нәтижелерін патенттеп, алынған қорытындылардың негізінде ғылыми мақалалар жарияламақпыз», – деді А. Шустов.
Жобаны қаржыландыру сомасы – жылына 9,8 млн теңге. Екі жылға бөлінген қаржы игерілді. Ғылыми-зерттеу фазасы аяқталған соң 2020 жылға дейін жоба коммерцияландырылатын болады.

 

Просмотров: 1248 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]