Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:01
Қазақстанда алдағы уақытта дәрігерлер қағазбастылықтан арылады

Бұл туралы «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының міндетін атқарушы Айнұр Айыпханова мәлім етті деп хабарлайды «Айқын» газеті.

Иә, қазір басқа саланы алмағанда медицина саласында қағазбастылық көбейіп кеткені рас. Тіпті, бұл пікірді құптайтын аудандық емхананың №1 ЖДТ аға медбикесі Гүлжан Құдайбергенова кейбір кезде науқастарды емдеу кезінде құжат мәселесі қиындық тудырып жататынын жасырмады.

Елбасы Жолдауындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде А.Айыпханова Денсаулық сақтау министрлік тарабынан екі үлкен бағытта жұмыстар атқарылмақ екенін тілге тиек еткен.

– Оның бірі – медицина саласын технологиялық жаңғырту. Яғни, медицина қызметкерлерін қағазбастылықтан арылту, электронды ақпарат алмасуға көшу болып отыр. Ал екінші бағыт – заңнамаларды өзгерту, оларды халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру. Өйткені, біздегі кейбір талаптар шетелде жоқ. Мысалы, біздегі талапқа сәйкес кез келген емханада жүргізушіге арналған бөлме 10 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Міне, біздің заңнамамызда осындай өрескелдіктер де бар. Тоқ етерін айтқанда, қажеті жоқ, негізсіз талаптарды жоюымыз керек, – деді ол.

http://zhanaqorgan-tynysy.kz/a-halattylar-a-azbastyly-tan-arylady/

Просмотров: 790 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]