Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:35
АУЫЛҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жуырда «Ақмая» ауылында дүниежүзілік артериалдық гипертониямен күрес күніне орай «Өз жүрегіңді сақта!» ұранымен акция өтті. Алдын ала хабарланған шараға ауыл тұрғындары уақытынан ерте келіп кезекке тіркелді. Акцияға аудан орталығынан терапевт, кардиолог, невропатолог, психолог, хирург, логопед, УДЗ дəрігерлері арнайы келіп, тұрғындарға кеңес берді.

Денсаулығына алаңдап, дəрігерге көрінуге келген тұрғындар санында шек жоқ. Акцияда УДЗ мен кардиолог мамандарына жүгінгендер жүгінгендер саны көп болды. Сондай-ақ, мамандар тұрғындардың қант пен холестерин мөлшеріне лабораториялық талдау жасады. Кентке барып, ұзын-сонар кезекте тұратын емделушілер білікті мамандардың өздері келіп қарап жатқандарына ризашылықтарын білдірді.

Сурет www.express-k.kz сайтынан алынды

«Өскен өңір» ақпарат

http://osken-onir.kz/wp-content/uploads/2017/05/37-8590-16-mamyr-2017-zhyl.pdf

Просмотров: 997 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]