Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:40
АУДАНДАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


№3 медициналықәлеуметтік сараптама бөлімі белгіленген кесте бойынша ағымдағы жылдың шілде айында Жалағаш және Сырдария аудандарында көшпелі отырысын өткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті хабарлады.
Жалағаш ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны — 5, оның ішінде 2 науқас алғаш рет мүгедек болып танылды, ал 3 мүгедек қайта куәландырудан өтті. Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.
Сырдария ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны – 8, оның ішінде 1 науқас алғаш рет мүгедек болып танылды, ал 7 мүгедек қайта куәландырудан өтті. Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес медициналық көрсетілімдермен қарсы көрсетілімдер негізінде әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.
Сонымен қатар, екі ауданда жиі және ұзақ ауыратын 6 науқасқа мүгедектік белгілерін анықтау мәселесі бойынша кеңес берілді. ДКК төрайымдарымен бірлесе отырып, дәрігерлерге 2017 жылдың 6 айының қорытынды есебі жеткізілді. Медициналық ұйымның дәрігерлеріне №088 нысанын сапалы толтыру туралы ұсыныстар берілді. Тиісті стандартқа сәйкес, науқастарға композиттік мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында дайындалатын қажетті құжаттар тізбесі туралы айтылды.

http://syr-media.kz/o-am/audandarda-memlekettik-yzmet-k-rsetu-zhajy-tal-ylandy/

Просмотров: 820 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]