Жыл сайын дүние жүзінде бас пен мойынның жазық жасушалық обырына шалдығудың 1 116 000- нан астам жаңа жағдайлары анықталып жатады, солардың арасынан жыл сайын 763 000 адам көз жұмады екен.
Ал Қазақстанда жыл сайын бас пен мойын ісігі бойынша шамамен 1700 жағдай тіркеледі. Оның басым бөлігі – кеселдің таралуы III-IV сатыға сәйкес келетін емделушілер. Бас пен мойындағы обырды емдеу үшін жасалатын отадан адамдар әдетте жарымжан, мүгедек болып қалады. Ал дер кезінде емделген жағдайда науқас адамдардың аман қалуы 80- 90 пайызды көрсетіп отыр. Бас пен мойын обырын ерте кезде диагностикалау еуропалық апталығы 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік санитарлық саламаттылықты қамтамасыз етудің негізінде халықтың денсаулығы бағдарламасының шеңберінде іске асырылады, оның негізгі мақсаттары: нығайту, қауіп-қатер факторларының алдын алу пайдалы тағамдармен тамақтануды насихаттау және саламатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.
Бас пен мойын обыры таралу ауқымы жағынан қатерлі ісіктердің арасында 6-шы орында тұр. Бұл кеселді хирургиялық жолмен емдеудің, химиялық, радио және таргеттік терапияның тиімді әдістері бар болғанына қарамастан, науқас адамдардың арасындағы өлім-жітім диагноз қойылғаннан кейінгі 1-ші жылдың ішінде 50%-ға жетіп отыр. Онкологтар бас пен ми обырына шалдыққан адамдар санының күрт өсуіне қатты алаңдап отыр.
Ісікке шалдыққан науқастар ауруының асқыну себептерін талдау мынадай жағдайды көрсетті: науқас адамдардың 6,5%-ында аурудың асқынуы оның еш нышансыз және аз ғана белгімен өтуіне байланысты болған; 25,5%-ында мұның себебі – жалпы бейіндегі дәрігерлердің (терапевт, хирург) онкологиялық қырағылығының жеткіліксіздігінен; 50,5%-ында бұл оториноларинго- лог және стоматолог мамандарының жіберген қателіктерінен орын алған. Бастапқыда диагноздың қате қойылуы емнің де дұрыс болмауы- на әкеледі, науқасқа ауыз – мұрын қуысын шайып, әртүрлі жақпа май жағу ұсынылады, қабынуға қарсы ем шаралары, физиотерапия процедуралары, компресс, тісті жұлу және хирургиялық араласу шаралары қолданылады.Осының нәтижесінде бас пен мойында, оны емдеу өте қиындаған кезде анықталады. Ал диагноз неғұрлым ертерек қойылса және дұрыс ем белгіленсе, сырқаттанған адамның жазылуға мүмкіндіктері соғұрлым көбірек болады. Адамды өлімнен сақтап қалу үшін әр күннің маңызы зор десек, артық айтқандық болмас.
ОБЫР ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ ҚАЖЕТ:
Обыр ауруы – өлім-жітімнің жоғары деңгейінің негізгі себебі болып табылады. Сонымен қатар, обыр-емделуге болатын ауру. Обыр қаншалықты ерте анықталған болса, соншалықты одан толық емделіп шығуға болады. Оның тудыратын себептер өте көп. Аурудың басталған кезі көп жағдайда мүлдем білінбей жатады, бірақ уақыт өте келе, бұл қауіпті дерт – ағзаны іштен бұзатын процесс ушығып кеткен кезде бір-ақ бойын көрсете бастайды. Обырды бастапқы сатысында анықтау үшін, қатерлі ісіктің туындағанын сипаттайтын белгілерді әрқашан есте ұстап,
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА САҚ БОЛУ КЕРЕК:
Төмендегі көрсетілген белгілер не- месе қауіптің байқалғаны – обырдың қандай да бір түрінің ағзада бар не жоқ екенін тексертіп алудың өте маңызды себебі бола алады;
1. Пигменттік дақ және қалдардың түсі, көлемі не пішіні өзгереді, меңдер жарылып, қыши бастайды, жайсыздық сезімі байқалады;
2. Ауыз, тіл, еріннің шырышты қабығы мен бүкіл теріде жарықтар, ісіктер, қатты ұлпалар немесе жаралар пайда болса;
3. Асты жұтқан кезде немесе тағам асқазанға өткен кезде бір кедергіні сезіну;
4. Созылмалы гастрит кезінде аурудың сипаты не ұзақтығының өзгеруі;
5. Жәйден-жай шаршау, тәбеттің болмауы;
6. Төс шеміршек асты тұсындағы аурулық сезімі немесе оның ауруы, іштің қатуы немесе іштің өтуі, үлкен не кіші дәретке барғанда қанның шығуы, үлкен дәреттің қараюы;
7. Жөтел, қанды қақырықтың пайда болуы, кеуде тұсының ауруы, тамақтың қарлығуы;
8. Сүт бездеріндегі ұлпалардың нығыздалуы,емшек тұсындағы жаралар не жарықтардың туындауы;
9. Әйелдерде етеккірге ұқсамайтын қан бөлініп шығуы.
Сәуле ЖАНСАРИНА,
аудан онкологы.
Сурет Новости онкологии сайтынан алынды
«Өскен өңір» газеті, 18 ақпан 2017 жыл |