Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:59
Аспиринді неліктен күн сайын ішу керек?

Көптеген зерттеулер аспирин дәрісінің пайдалы тұстарын растап шыққан.

Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу бойынша, егер бұл дәріні адам 3-5 жыл бойы күн сайын қабылдайтын болса, онда рактың ағзада дамуы 30 пайызға дейін төмендейді екен. Препарат аурудың белең алуын тоқтатып ғана қоймай, метастаздың да таралуына бөгет болады. 75 мг аспиринді күн сайн 5 жыл бойы ішіп отыру қауіпті аурулардың алдын алады екен.

Сондай-ақ, аспирин қанды сұйылтып, тромбоцитке әсер етеді. Сол себепті оны жүрек ауруларымен ауыратын адамдарға жиі тағайындап береді. Сонымен қатар бұл дәрмек қан қысымының жоғарылауына, қант диабетінің асқынуына да тосқауыл бола алады және қанның ұйығыштық қасиетінің артуына да көмектеседі.

Европалық ғалымдар “аспирин арзан әрі әсер ету күші жоғары” деп бағалаған. “Күн сайын аспирин ішу арқылы ұзақ әрі берекелі өмір сүруге қадам жасауға болады” дейді профессор Питер Элвуд.

Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы рак ауруын емдейтін профессор Карол Сикор аспириннің рак ауруын жеңу кезіндегі күші дәлелденді дейді. Әйтсе де ол өзі бұл дәріні ішуге асықпайды. Бірде АҚШ-та өткен конференция кезінде ол әріптестерінен “Сіздер қауіпті ауруларға бөгет болады деп аспиринді ішесіздер ме?” деп сұрағанда 60 пайыз адам “иә” деп жауап береді. Ал Британияда бұл сауалға тек 5 пайыз адам ғана жауап берген. Карол Сикор мұның себебі ретінде, америкалықтардың европалықтарға қарағанда өз денсаулығы үшін көп алаңдауынан деп түсіндіреді.

Алайда аспиринді ішу арқылы асқазан-ішек жолдарында ауру пайда болып, ол тіпті қан кетуге де әкеліп соғуы мүмкін.

“Осы дәріні ішу арқылы жоғарыдағы ауруларға жолықпайсыз деп ешкім де кепілдік бере алмайды. Егер сізде анамнезеде жара немесе гастрит жоқ болса, онда жағымсыз әсер пайда болмайды. Бірақ бір апта немесе екі аптадан соң аспиринді ішіп бастағаннан кейін сіз асқазандағы қолайсыздықты сезіне бастайсыз”, – дейді Карол Сикор.

Аспиринді астмамен, бауыр, бүйрек ауруымен ауыратын, ас қорытуы қиын адамдардың, екіқабат әйелдердің ішуіне болмайды. Ал егер ішемін деп бекінсеңіз, онда жас айырмашылығына қарау қажет. Бұл әсіресе егде адамдарға ерекше қатысты болмақ.

Мәселен, доктор Совра Уиткрофт аспиринді климактерикалық жастағы әйелдерге ішуге кеңес береді. Олар 75 мг төмен көлемде күн сайын ішсе болады. Осы арқылы жүрек ауруын бәсеңдетуге болады екен.

Источник: Stan.kz

 

Просмотров: 839 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]