Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:06
ҚАРТАЮДЫ БАЯУЛАТУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ӘДІСІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ


Жасыл жапырақты көкөністер мидың қартаюын баяулатып, есте сақтау қабілетін және когнитивтік қызметтерін сақтауға көмектеседі. АҚШ-тағы Ращ университетінің Медициналық орталығының мамандары осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды Phys.org басылымына сілтеп Stan.kz.

Зерттеу жұмысына 960 егде жастағы адам қатысқан. Олардың орташа жасы 81 жасты құрайды. Қатысушылар сауалнамадан өтіп, күнделікті не жейтінін атап көрсеткен. Сонымен қатар жыл сайын когнитивті қабілеттерді тексеруге арналған тест тапсырды. Ғалымдар қатысушыларды көкөністі тұтынуына қарай 5 топқа бөлген. Мұнан кейін күнделікті көкөністі 1,3 үлес мөлшерін жеген адамдарды көкөністі аз тұтынған қатысушылармен салыстырыпты.

Жыл сайын барлық қатысушының ойлау қабілеті 0,08 стандартты бірлікке төмендеп отырған. Алайда күн сайын көп мөлшерде көкөніс жеген қатысушылардың миының қартаюы баяу жүрген екен. Зерттеушілердің сөзінше, олар көкөністі аз жеген қатысушылармен салыстырғанда 11 жылға жас көрінеді.

https://aqmeshit-aptalygy.kz/tanim/1499-artayudy-bayaulatudy-arapayym-ds-belgl-boldy.html

Просмотров: 572 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]