Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:59
Қара зеренің емдік қасиеттері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қара зере (тмин) - адам ағзасын қалыпқа келтіріп, иммунитетті көтеріп, терді тез шығарып, ыстықты түсіретін емдік қасиеті мол өсімдік.

Сонымен қатар, қан қысымын төмендетіп, қатерлі ісік ауруларының алдын алады және омырауда баласы бар аналардың сүтін көбейтіп, гармондардың дұрыс бөлінуін реттейтін қасиетке ие.

Қара зеренің вирусқа, қабынуға, түрлі бактерияларға қарсы және іштегі құрттарды түсіретін, зәр айдайтын қасиеттері де бар. Емдік өсімдіктен жасалған дәрілерді жүкті әйелдерге және ағзадағы мүшені (бүйректі немесе өтті) алып тастаған жағдайда қабылдауға болмайды, деп жазады massaget.kz.

Назарларыңызға қара зеренің емдік қасиеттері жөнінде ақпарат ұсынамыз.

Халықтық медицина қара зереден дайындалған қоспалар арқылы түрлі дертен айығуға болатынын айтады. Мәселен:

- Бронхит, демікпе, жөтел ауруларынан айығу үшін қара зире майына (1/5) зәйтүн майын қосып араластырады да, осы қоспамен көкіректі майлайды және күніне бір мезгіл қара зере майымен ауыз қуысын булайды.

- Қан қысымы қатты көтерілгенде 1 шай қасық қара зере дәнін 1 стақан шайға қосып араласырып ішеді. Содан кейін самай мен мойынды зере майымен майлайды.

- Бас ауырғанда ұнтақталған қара зере мен бәден дәнін (анис) және қалампыр (гвоздика) гүлін теңдей мөлшерде араластырып, дайын қоспадан күніге таңертең және кешкісін 1 шай қасығын қайнаған сумен қосып қабылдайды. Тағы бір тәсіл - қара зерені ұнтақтап 1 шай қасығын 3 ас қасық зәйтүн майымен араластырады. Содан соң сүзгіден өткізіп, мұрын қуысына тамызады.

- Сүйек қақсап ауырғанда 1 дана пиязды үккіштен өткізіп қайнатады да, 1 шай қасық қара зере майымен араластырады. Қоспаны күніге 2 мезгіл қабылдайды. Ауырған жерге өсімдік майын жағады.

- Асқазан жарасында 10 тамшы қара зере майын 1 стақан бал мен 1 ас қасық кептіріп ұнтақталған анар қабығымен жақсылап араластырады. Дайын қоспаны күніне аш қарынға 1 шай қасықтан 1 стақан сүтпен қосып ішеді. Емдік курсты 2 ай қабылдайды.

- Ішек құрты ауруынан айығу үшін 1 шай қасық қара зере мен үккіштен өткізілген 3 тал сарымсақ және 1 ащы қызыл бұрыш, ұнтақталған 10 дана асқабақ дәнегімен  араластырып, үстінен 1 шай қасық зәйтүн майын құйып араластыруды жалғастырады. Дайын қоспаны ұйықтар алдында жеп жатады да, таңертең аскөк тұнбасы немесе қайнатпасынан 1-2 ұрттам ішеді. Қара зере мен алма сіркесуын араластырып ішке жағады.

- Артрит ауруына күніге таңертең және кешкі астан 25 минут бұрын 1 шай қасық қара зере майын ішеді. Артынша ½ стақан суға 1 ас қасық балды араластырып ішу керек.

- Тері ауруларында күніне 2-3 мезгіл 1 шай қасық қара зере майын қабылдайды. Ал теріге 1,5 шай қасық қара зере майын 1 шай қасық зәйтүн майымен араластырып жағады да 1 сағаттан соң сабындап жуады.

- Құлақ ауруында 1-2 тамшы жылы қара зере майын құлаққа тамызады.

- Жүрек қысылып ауырғанда 1 стақан ыстық сүтке 3 тамшы қара зере майын және 1 шай қасық бал қосып араластырып ішеді.

- Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін 1 шай қасық жалбызды 1 стақан суға салып бір қайнатады да сүзгіден өткізіп, 1 шай қасық бал және 7 тамшы қара зере майын тамызып араластырады. Дайын қоспаны күніге 1 мезгіл ішеді.

http://inform.kz/kaz/article/2902852

Просмотров: 1946 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]