Францияда Жан-Луи Дегандензидің «Қан тобыңыздың құпиялары» атты кітабы жарық көрген болатын. Кітап авторының айтуынша, қан тобы адамның махаббат темпераментін анықтауға көмектеседі екен.
1-топ:
Өте мықты адамдар. Үнемі белсенді қимыл-қозғалыста жүреді. Және өздері секілді көңілді, белсенді жандарды ұнатады. Сондай-ақ, ерекше сезімталдық қасиетке ие. Ойыңызды айтқызбай ұғуы мүмкін. Қызғаншақтыққа келгенде алдына жан салмайды.
2-топ:
Кез келгенге ашылып, сырын айта бермейді. Көбіне тұйық боп жүреді. Тіпті қиналып бара жатса да ұнатқан адамына сезімін бірінші болып жеткізуге намыстанады. Бұл топтағы арулар еріне сенімді, сүйікті, бір сөзбен айтқанда, идеалды жар бола алады.
3-топ:
Бойында өзіне деген сенімділігі жеткіліксіз жандар. Көп жерде қорқақтық танытуы мүмкін. Ешкімге ешқандай арамдық, жамандық ойламайды. Керісінше өзгеге деген сыйластығы, құрметі жоғары. Және оларға сырыңызды сеніп айта аласыз.
4-топ:
Тартымды, сүйкімді жандар. Бойында тұрақсыздық қасиет те жоқ емес. Өзгелердің оған үнемі көңіл бөлгенін қалайды. Олай болмаса, ренжи салуы мүмкін. Сондықтан бұл топтағыларды үнемі еркелетіп жүруге тура келеді.
http://tolqyn.kz/an-toby-yz-andaj-zh-p-bolatyny-yzdy-any-tajdy/ |