Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:12
ҒАЛЫМДАР ИНСУЛЬТ ҚАТЕРІНЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК ЕКЕНІН АЙТТЫ

Йель университетінің ғалымдары құрамында транс-майы көп азық-түліктен бас тартудың инсульт пен ұстамалы жүрек ауруының қатерінен сақтайтынын анықтады. Бұл туралы университеттің ресми сайтында жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымдар Нью-Йоркте 2002-2013 жылдар арасында ауруханаға түскен адамдарға қатысты статистикалық мәліметтерді зерттеудің негізінде осындай шешімге келген. Сондай-ақ, майлы тағамдарды қысқартқан инсульт пен ұстамалы жүрек ауруымен ауырған науқастардың санының алты пайызға қысқарғаны айтылады. «Рационнан транс-майларды алып тастау арқылы инсульт пен ұстамалы жүрек ауруының қатерлерінен айтарлықтай сақтануға болады. Транс-майларға мемлекеттік деңгейде тыйым салынса, бұл миллиондаған адам үшін нағыз жеңіс болар еді», — дейді зерттеу авторларының бірі. Айта кетейік, қытырлақ картоптарда, крекерлерде, қуырылған тағамдарда және нан-бөлішке өнімдеріндегі транс-майлар аса қауіпті болып саналады екен. Сондықтан көптеген денсаулық сақтау ұйымдары құрамында транс-майы көп азық-түлік өнімдерінен бас тартуға кеңес береді.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/alymdar-insult-aterinen-alaj-sa-tanu-kerek-ekenin-ajtty/

Просмотров: 968 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]