19:37 Адам өз-өзіне деген сенімділікті қалай арттыра алады? |
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы. «Таңшолпан» бағдарламасы. Бс, 02/16/2017
Кез келген адам өз-өзіне сенімді. Алайда, кейде адамдар әртүрлі тұрмыстық жағдайларға, жұмыстағы кикілжің, жеке өмірдегі жағдайларға тап болады. Жалпы, осындай жағдайларда адам баласы өз-өзіне деген сенімділікті қалай арттыра алады?
Студияға келген психолог маман Анаргүл Маулиқызы сенімділікті арттыруға қатысты пікірімен бөлісті.
«Адамның өз-өзіне деген сенімділігі алдымен өзіне байланысты. Өзіне деген сенімділікті бала кезінен қалыптастыру керек. Ата-аналарға балалардың сенімділігін арттыруға кеңес беремін. Онымен қоса, белгілі әрекет жасауға және жауапкершілікті мойнына алуға үйрету керек. Сол кезде бала жауапкершілікті сезініп, өмірде оның мәні бар екенін, оған сенім артатын адам барын білетін болады. Ол да сенімділікті арттыруға септігін тигізеді», - дейді маман.
Дереккөз: https://kaztrk.kz/index.php/kz/a/18993
|
Просмотров: 1250 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]