Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:32
Ағзадағы йод тапшылығын қалай анықтауға болады?

 

Йод - адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажет микроэлемент. Егер адам ағзасына осы микроэлемент жетіспейтін болса, онда түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Мысалы, қаназдық, алқым ауруы, иммунитеттің төмендеуі.

Ал, сіз адам ағзасындағы йод тапшылығын қалай анықтауға болатынын білесіз бе? Йод тапшылығының алдын қалай алуға болады?

Осы және басқа сұрақтарға эндокринолог Жанар Құсманова айтып береді.

«Қазақстан - йод тапшылығы бар елдердің қатарына кіреді. Йод тапшылығының белгілеріәлсіздік, тез шаршау, қалқанша безінің функциясының, жүрек, қан-тамыр қызметінің төмендеуі. Алайда, кейде йод тапшылығы белгісіз өтуі мүмкін.

Адам ағзасында йод тапшылығы анықталған жағдайда, дәрігерлер ем тағайындайды. Осы емді ретті түрде орындаса, ол да жеткілікті. Ал, емге жеткізбей алдын алу жолдарын жасауға да болады. Мысалы, ас тұзы йодталған болуы тиіс. Онымен қоса йодқа бай тағамдарды, йодты препараттарды қолдану керек», - дейді дәрігер.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы. «Таңшолпан» бағдарламасы Сс, 02/28/2017

Дереккөз: https://kaztrk.kz/kz/a/19412

 

Просмотров: 1764 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]