Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:33
Ақтаулық тұрғын сән салонында бет терісін күйдіріп алған

24.02.17,

Артық қыламын деп, тыртық қылды. Ақтаулық тұрғын бетіндегі тырнақтай дақты кетіремін деп салонға барып, терісін күйдіріп алғанын айтады. Косметологтың қателігінен енді көшеде жүзімді жасырып жүруге мәжбүрмін дейді ол. Әйел қос бетінің күлбіреп күйгенін үйіне барғанда бір -ақ білген екен.

 

Жансұлу Құбашева косметологтың көмегіне өмірінде бірінші рет жүгінгенін айтады. Әлеуметтік желі арқылы косметолог тауып, сұлулық салонына барған. Шебер арнайы сұйықтықпен бетімнің үш қабатын сырып алды дейді. Айтуынша, салон беттің күйгені қалыпты жағдай деп клиентті сендірген. Бірақ, сол күні қызуы көтеріліп, беті ісіп, кейін орны мынадай қара дақ болып қалған айтады.

 

Жансұлу Құбашева, Зардап шегуші:

- Енді не істерімді білмеймін. Визитная карточка бет дейді ғой. Мен мынадай бетпен қайда барамын. Емдететін ақша керек. УВД-ға барып едім өтініш жазғанмын. Оны жоғалтып алдым дейді.

 

Бетіндегі күйіктің кетпей тұрғанына үш айдан асты дейді, - Жансұлу. Ал, косметолог оны екі ай тегін емдеп, ақыры жоя алмапты. Бірақ қазір шебер өзі жұмыс істеген салоннан шығып кетіпті. Түсірім тобының да косметолог маманмен сөйлесуге мүмкіндігі болмады.

 

Ал Жансұлу жеке клиникаға барып тексеруден өткен. Дәрігерлер оның беті химиялық күйік екенін растап отыр. Ал Ішкі істер департаментінің өкілдері оның шағымын қабылдағанмен іс қозғалмайтынын айтады. Өйткені қылмыс жоқ. Тергеушілер Жансұлуға азаматтық сотқа жүгінуге кеңес береді. Бұл жалғыз Жансұлудың басындағы жағдай емес, елімізде сұлулықтың соңы сор боп жабысқан 200-ден аса қыз келіншек бар екен.

 

Жәмила Қибасова, Фархад Шадкам

http://www.31.kz/video/show/id/17085/show/ib

 

Просмотров: 1214 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]