Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Вирусты гепатиттер – ішкі ағзаларды, атап айтқанда адамның бауырын зақымдайтын жұқпалы ауру. Дерт белгісі мен берілу тәсілдеріндегі елеулі айырмашылықтарға қарамастан гепатиттің барлық вирустары қабыну әсерін береді және денсаулық жағдайына кері ықпал етеді.

Бүгінде вирусты гепатиттердің кең тараған А, В, D, С, Е түрлері белгілі. Бұл кеселден толық сауығу адамдағы иммунитетке тікелей байланысты. Дегенмен, алдын алу әдістерін біліп одан сақтануға да болады.

Дерттің профилактикасы

Гепатит жұқпасының барлық түріне бірдей алдын алу шаралары мынадай:

1. Қауіпті негізгі фактор – қайнамаған су. Оны ішуге және онымен көкөніс пен жемістерді алдын ала қайнатпай жууға болмайды.

2. Қауіпсіздіктің жалпы ережесі – басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтарымен жұғысудан (нәжіс, зәр, сілекей, қан және т.б.) аулақ болу. С мен В гепатиттерінің жұғуынан сақтанудың басты жолы – бөгде адамның қанының ашық жараға, шырышты қабыққа және с.с. түспеуін қатаң қадағалау. Сондай-ақ ұстара, қайшы, тіс шеткасы мен басқа гигиеналық заттарды бірлесіп пайдаланбау.

3. Медициналық мекемелерде адамға ауру жұқтырмау амалдарының қатаң сақталуы тиіс.

4. Тату немесе пирсинг жасайтын аспаптардың стерилді болуы керек.

5. В және С гепатиттерінің жыныстық қатынас кезінде берілуі ықтимал. Интимді қатынастың кез-келген түрінде қажетті әдістермен сақтанған жөн.

6. Вирусты жұқпа ауру анадан балаға босану кезінде, жүкілікте немесе емізуде беріледі. Сондықтан мұны есте ұстау қажет.

Ең бастысы – вирусты гепатиттерге қарсы арнайы екпе (вакцинация) жасатқан дұрыс.  

    Раушан Жетпісбайқызы АЙТМАХАНОВА,

ҚР ДСМ ҚДСК "ҰСО" Қызылорда облысы бойынша филиалының

Қармақшы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және

паразитологиялық зерттеулер зертханасының сан-эпид кызмет маманы,

Қармақшы ауданы

Сурет Волгоградский областной центр медицинской профилактики сайтынан алынды.

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.04.2018)
Просмотров: 130 | Теги: вирусты гепатит, қармақшы, айтмаханова, алдын алу, раушан | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]