Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


САРЫП АУРУЫНАН САҚТАНУ

Сарып (бруцеллез) – жедел және созылмалы түрі бар жұқпалы кесел.

Жұғу жолдары: малдардың, үй жануарлардың ет-сүт өнімдері, қи қалдықтары, іш тастаған малдың шаранасы, ауру малдың шаранасы, ауру малдың тері және жүні арқылы.

Сарыптың қоздырғышы қой, ешкі, ірі қара мал, шошқа, даладағы тышқан, ит сияқты жануарларда кездеседі. Сарып адамға малдан жұққанымен, науқастанған адамнан сау адамға жұқпайды. Сарыптың қоздырғышы терідегі майда жарақаттар арқылы адам ағзасына енгеннен кейін лимфа және қан тамырлары арқылы бүкіл организмге тарап жиналады, оларды зақымдайды. Организмде септикалық жағдай пайда болып, ауру белгілері өрши түседі.

Сарыптың  клиникалық белгілері.

Сарыптың жасырын кезеңі 1-4 аптаға созылады. Науқастың ұзақ уақыт ыстығы көтеріліп қалтырайды, қара терге түседі. Нәтижесінде организм қажиды, бас ауруы, әлсіздік, мазасыздану белгілері арта түседі.

Сарыпта ішкі ағзалар: бауыр, талақ, жүрек зақымданады. Бауырдың, талақтың көлемі ұлғайып, ауыру сезімдері байқалады. Тыныс жолдары уытты-септикалық түрде зақымдалады 

Науқастардың басым бөлігінде буын, тірек-қимыл жүйесі бұзылады.Ұзақ уақыт емделмеген жағдайда уыттану белгілері өршіп, организмнің жалпы улануы салдарынан науқастарда жүйке жүйесінің зақымдану белгілері сезіледі. Науқастың ұйқысы бұзылады, мінез құлқы өзгереді, басы қатты ауырып, тез ашулану қалыптасады. Уақытылы, сапалы түрде емделмеген жағдайда, дерт созылмалы түрге айналады. Сарыппен ауырып ем қабылдағандар 2 жыл бойы дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Сарыптың алдын алу шаралары

Іш тастаған малмен жұмыс істеу кезінде, олардың қи-қалдықтарымен жұмыс істегенде аса сақ болу; ет-сүт өнімдерін арнайы зертханалары бар сауда орындарынан сатып алу; ет-сүт өнімдерін азық ретінде қолдану кезінде, жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып, тағамды өңдеу ережелерін бұлжытпай орындау; малдың терісімен, жүнімен жұмыс істейтіндердің сақтық шараларды қатаң сақтағаны дұрыс; үй жануарлары (малдары бар)  азаматтар оларды мал дәрігерлік тексеруден жүйелі түрде өткізіп тұруы аса қажет; белгілеген  кестеге сай малдарына екпе жасату; бақташылардың, мал төлдетушілердің жұмыс соңының бір айында медициналық бақылаудан өткені жөн.                                                                                  

Аккуль Мендыбаевна ШИНИБЕКОВА,

Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы    

жоғары санатты лаборанты,

Арал ауданы,

Қызылорда облысы

Сурет MedMoon.ru сайтынан алынды. Қазақшаланды.

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (12.11.2016)
Просмотров: 41 | Теги: сарып, шинибекова, арал, обаға қарсы станса, алдын алу, аккуль | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]