Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


ҚҰТЫРУ АУРУЫ АСА ҚАУІПТІ

Құтырма кеселінен адамды қорғайтын вакцинаны (антирабикалық вакцинаны) 1885 жылы Луи Пастер ойлап тапқан. Аталған кеселдің қоздырғышы - вирус. Дерттің жұқпалық көзі – құтырма жұққан мал. Індеттің жасырын кезеңі 8 - 10 күннің ішінде жұқпалы сілекеймен білінеді. Вирус қаңғыма иттерде , мысықтар мен ауыл шаруашылық малдарында таралады. Аурудың таралу механизмі – қарым - қатынас арқылы, адам мал баққан кезде, құтыру ауруымен ауыратын науқастардың сілекейімен беріледі. Ауа арқылы (аэрогенді таралу жолының) да болуы ықтимал (жарқанаттар мекендейтін үңгірлерде, зертхана ішіндегі жұқтыру), тамақтан және трансмиссивтік – жәндіктердің шағуы арқылы да дерт жұғуы мүмкін.

Құтыру - адамның ми жасушаларын қатты зақымдап, жыртқыштар тісін батырғанда, терінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болатын вирустық негіздегі зоонозды жұқпа. Дерт адамның көз жұмуына жетелейтін жүйке жүйесінің тозу белгілерімен білінеді: қозу, агрессиялық (озбырлық) әрекет, ойлау қабілетінің төмендеуі.

Клиникалық түрде 3 кезең белгіленеді: бастапқы (депрессиялық-торығу), қозу мен сал аурулар кезеңі. Ауру алдындағы белгілер: бұрыннан жазылған жара орны солқылдап ауырады және күйдіріп ашиды, шаққан жер қызарып, іседі. Дене қызуы орташа немесе субфебрилді. Науқас ашуланшақ, тамақ ішпейді, тәбеті жоқ, әлсіздік, бас ауруы мен нашар ұйқы мазалайды. Ауру адамда кеуде қысуы байқалады. Қозушылық кезеңі дене қызуының 38-40ºС-қа артуымен, жалпы қозумен, судан үрейленумен сипатталады

Алдын алу шаралары

Құтыруға қарсы алдын алу егулер, қаңғыма және құтырма иттерді жою, үй жануарларын дұрыс ұстау ережелерін сақтау, ҚР және басқа елдерде үй жануарларының тасымалдануын бақылау арқылы мал арасында жүйелі түрдегі жоспарлы күрес. Елді мекендерде қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау, тіркеу және есепке алу тәртібін жергілікті әкімшілік белгілейді. Белгілі кәсіптегі тұлғалар арасында (ит аулаушылар, ветеринарлық зертхана қызметкерлері, аңшылар) құтыру ауруының жұқтырылуына жол бермеу үшін алдын алу егу курсын жүргізеді. Құтыруға қарсы жүргізілетін вакцинация курсы ит қапқаннан кейін 14 күнін кешіктірмей бастағанда ғана тиімді. Дәрігерлерге кеш қаралу, егу тәртібінің бұзылуы, егулердің аяқталмау салдарынан құтыру ауруы белең алады.  

Сурет Болезни.com сайтынан алынып, қазақшаланды.                                                                                                                                             

 Аккуль Мендыбаевна ШИНИБЕКОВА,

Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы    

жоғары санатты лаборанты,

Арал ауданы

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (15.03.2016)
Просмотров: 39 | Теги: обаға қарсы күрес станциясы, шинибекова, аккуль, құтыру, Арал теңізі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]