Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


ОБАДАН САҚТАНА БІЛ!

Оба (чума)  - аса қатерлі, зоонозды, ошағы – табиғаттық, карантиндік тұрғыдағы аса жұқпалы дерт. Оның қоздырғышы негізінен трансмиссивті механизм арқылы беріледі. Кесел ауыр уыттанумен және лимфа түйіндерінің, ішкі ағзалардың зақымдануымен (сепсиспен) бірге жүреді. Кеш емделгенде, жүргізілген ем дұрыс болмағанда дерт соңы өліммен аяқталады.

Оба ауруының адамға жұғуы мына жолдармен өтеді:

- трансмиссивті жолмен (бүргелердің қан соруы арқылы);

- тікелей контакт немесе жанасу (ауру малды немесе жыртқышты, жануарды сойғанда);

- аспирациялық жолмен (ластанған ауа, шаң-тозаңды жұтқанда, обаның өкпелік түрінде);

- тағам арқылы (тағам термикалық дұрыс өңделмегенде).

Обаның төрт түрі бар. Олар: бубондық, терілік, өкпелік және септикалық деп аталады.

Табиғатта, қоршаған ортада обаны түрлі кеміргіштер (қоян, түлкі, қарсақ және т.б.) таратады. Кесел адамға сол кеміргіштерден немесе бүргеден жұғады.Үй жануарларынан түйе жиі ауырады. Оба кеміргіштердің терісін сыпырғанда, түйені сойғанда адамға жұғады.

Ауру тез тарайды, ауру қоздырғышы сау адамға науқастан беріледі.

Обаның жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3-6 күнге дейін. Дерт тұтқиылдан басталады. Наукас адамның дене ыстығы 39-40-°қа дейін көтеріледі, басы айналып, ағзаның қатты улануынан адам құсады, іші өтеді, есінен танып, онда үрей, ұйқысыздық пайда болады.

Терілік, бубондық оба түрінде бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа бездері ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Обаның алдын алу үшін ол шыққан жерлерде эпизоотологиялық және эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі

Алдын алу шаралары.

Елді мекендер мен алыс жайылымда түратыи адамдардың дала тышқандарының інінен аулақ болуы және сақтығы. Далада күннің ыстығынан, жаңбырдан қорғануда иесіз бастырма, үйлерді пайдаланар алдында олардың ішіндегі қан сорғыштарды жою (залалсыздандыру).

Маусымдық мал жайылымында болатын адамдардың, малшылардың міндетті түрде обаға қарсы екпе алуы.

Мал қораларын, ондағы малдарды, ит пен мысықты бүргеге, кенеге қарсы заларсыздандыру жұмыстары.

Майра Суханбергеновна СЕЙТМАМБЕТОВА,

Арал теңізі обаға қарсы күресу станциясы,

бактериологиялық лаборатория,

І-ші санаттағы зертханашы,

Қызылорда облысы

 

Фотосурет Liter.kz сайтынан алынды.

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (17.03.2018)
Просмотров: 13 | Теги: майра, оба, алдын алу, сейтмамбетова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]