Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


ЛИСТЕРИОЗ ЖӨНІНДЕ КӨПШІЛІККЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Листериоз зоонозды жұқпалы аурулар тобына жататын кесел. Дерттің білінуі сан алуан. Ауру асқынса ол іріңді менингит, менингоэнцефалит, сепсис, несеп жолдарының созылмалы қабынуы түрінде байқалады.

Жұқпа ас қорыту жолының шырышты қабығы арқылы денеге енеді. Листерияның қанға енуі кезінде септикалық аурудың дамуы мүмкін. Ал орталық нерв жүйесіне енсе менингит немесе менингоэнцефалит пайда болады. Жүкті әйелдер ауырса дерттің жатырдағы ұрыққа жұғуы ықтимал. Ауру жұққанынан алғашқы белгі бергеніне дейінгі жасырын, яғни белгісіз кезең 2-4 аптаға созылады. Листериоздың асқынуы кенеттен басталады: дененің ыстығы көтеріледі, қалтырап тоңады, дірілдейді, бас ауырады, ашуланады, адам беймаза күйге түседі.

Кеселдің есекжем немесе қышымаммен басталуы жиі кездеседі. Ірілі шұбарланған немесе эритематозды бөртпелер шығады, олар ірі буындардың тұсында қалыңдай түседі, ал бетінде «көбелек» түріндегі дақтар пайда болады. Дерттің безді түрінде шеткі лимфа түйіндері ауырады және ұлғаяды. Жүйке түріндегі листериозда мидың қабыну белгілері байқалады. Бауыр мен көк бауыр ұлғаяды, кейбір ауру адамдарда сары ауру, кейде есекжем, қышыма лайда болады.

Листериозды нақтылау аса қиын. Оны анықтаудың сенімді жолы – зертханалық зерттеу. Қаннан, жұтқыншақтың шайындысынан, қағанақ судан қоздыргышты бөліп алу.

Листериоздың алдын алу үшін ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында жұмыс істейтіндерді, жүкті әйелдерді ауру жануарлардан оқшаулап, уақытша басқа жұмысқа ауыстыру. Санитарлық талаптар мен жеке бас гигиенасын қатаң ұстану. Дерт белгілері білінгенде дереу дәрігерге қаралу.

 

Майра Суханбергеновна СЕЙТМАМБЕТОВА,

Арал теңізі обаға қарсы күресу станциясы,

бактериологиялық лаборатория,

І-ші санаттағы зертханашы,

Қызылорда облысы

 

Фотосурет Politeka сайтынан алынды.

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (08.11.2017)
Просмотров: 11 | Теги: майра, сейтмамбетова, алдын алу, листериоз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]