Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


ЭНТЕРОБИОЗДАН САҚТАНУ

Энтеробиоз – қоздырғышы острицалар болатын кесел. Олар  - ақ түсті ұсақ жұмыр құрттар. Еркегінің ұзындығы 2-5 мм, ал ұрғашы құрттың ұзындығы 9-12 мм болады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді. Ал, ұрғашылары түнде тік ішек қатпарларынан сыртқа шығып, жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін   бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі. Бала көтеншегін қасыған кезде тырнақтың астынан жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде ол құртты өзіне-өзі қайта жұқтырады.

Кесел белгілері. Баланың іші кіндігінен төменгі бөлікте ауырады. Ұйқысы бұзылып, тәбеті  төмендейді. Оған қоса бұл құрт басқа ауруларды: қаназдықты (анемияны), неврозды (жүйке шаршауын), асқазан мен іш құрылысы дерттерін қоздырады.

Ауруды анықтау жолдары:

Нәжістен гельминт жұмыртқасын анықтау үшін оны зертханаға талдауға (анализге) жолдайды. Тік ішектің айналасынан, қатпарларынан қырынды алынады.

Алдын алу шаралары:

1. Баланы жеке бас гигиенасын мұқият сақтауға дағдыландыру.

2. Шыбындармен күресу

3. Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.

4. Тұрақты мерзімде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері қызметкерлерін гельминтерге тексеріп тұру.

5. Балаларды коллективке жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда, оларды дереу емдеу.

                                                                                    Айгул Жамекеевна ЖАНҒАБЫЛОВА,

ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы»

ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша

филиалының  Қармақшы аудандық бөлімшесінің

паразитологиялық зертхана лаборанты,

Қармақшы ауданы

Суреттер 70.rospotrebnadzor.ru ақпарат көзінен алынды.

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (09.02.2018)
Просмотров: 117 | Теги: жанғабылова, сақтану жолдары, айгул, энтеробиоз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]