Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


Балаларда кездесетін эхинококкоз ауруы

Эхинококкоз  – ұзақ өтетін, көбіне созылмалы болатын паразитарлық кесел. Оны үй жануарлары тасымалдайды. Паразит жануардың ішінде бірнеше даму сатысынан өтеді. Одан соң жануардың нәжісімен топараққа түседі. Жерге түскен жұмыртқалар онкосфералар деп аталады. Онкосфералар ауа  температурасының  өзгерістеріне берік және қоршаған ортаға бейімделгіш болып келеді. Балалар үй жануарларымен қарым-қатынас жасаған кезде олардың жүні, шаң-тозаң, су арқылы бұл дертті өздеріне жұқтырады. Егер паразит тамақпен бірге ағзаға түссе - бауыр эхинококкозы , егер ауа арқылы тараса - өкпенің эхинококкозы дамиды.                                                                                                                       

Аурудың  белгілері көбінесе байқалмайды. Эхинококк өсіндісі өкпені  рентгенологиялық тексеруде, немесе бауырды ультрадыбыстық зерттеу  кезінде анықталып жатады. Баладан эхинококкоз ауруы анықталған жағдайда , барлық отбасы  мүшелерін тұрғылықты жері бойынша емханада тексеруден  өткізу  қажет.                                                                                                                                

Қандай алдын алу шаралары қажет ?                                                                                                       - Жеке бас гигиенасына, әсіресе қол тазалығына аса көңіл бөлу;

- Үй жануарларын, ауылдық жерлерде ірі қара малды ішек құрттарынан тазарту шараларын атқару;    

- Жануарларды уақтылы малдәрігерлік (ветеринарлық) тексеруден өткізіп, олардың қалдықтарын жою, жануар өнімдерін жеткілікті мөлшерде термикалық өңдеуден өткізу керек. 

Мал дәрігерлік қызмет жұмысын жақсарту, үй жануарларының эхинококкоз ауруын жұқтыруын бақылауға алу, бұралқы иттер мен мысықтардың санын  азайту, тұрғындардың өмір  сүру дағдысын , санитарлық  білімі мен жеке гигиенаны сақтау мәдениетін арттырған жөн.

Айгул Жамекеевна ЖАНҒАБЫЛОВА,

ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы»

ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша

филиалының  Қармақшы аудандық бөлімшесінің

паразитологиялық зертхана лаборанты,

Қармақшы ауданы

Сурет  34.rospotrebnadzor.ru  сайтынан алынды.

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (04.05.2018)
Просмотров: 27 | Теги: айгул, алдын алу шаралары, эхинококкоз, жанғабылова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]