Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


Аскаридоз – кең тараған паразитарлық аурулардың бірі

Аскаридалар – паразит жұмыр құрттар. Олар адамның аш ішегінде өмір сүреді. Өсіп-өнуге қабілетті аскариданың ұзындығы оның жас мен жынысына байланысты болады. Еркегінің ұзындығы 25 см-ге, ені 4 мм-ге, ұрғашысының ұзындығы 40 см-ге, ені 6 мм-ге дейін жетеді.

Аскарида жұмыртқасы адамның нәжісімен бірге сыртқа шығып, құмға, топыраққа түсіп, көкөніс, жеміс-жидектерді зараралайды. Жуылмаған көкөністерді, жеміс-жидектерді жеу, әжетханадан кейін қол жумау, жеке бас гигиенасын сақтамау барысында адамдар аскаридоз ауруына шалдығады.

Дерттің белгілері : іштің ауруы, тәбеттің төмендеуі, үлкен дәреттің  бұзылуы, бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, баланың оқу үлгірімінің  төмендеуі.

Кеселдің анықталуы: Аскарида жұмыртқасы жәй көзге көрінбейді. Сондықтан оны тек зертханалық жолмен анықтайды. Егер денеде өмір сүретін құрт еркек болса, онда глист жұмыртқасына нәжісті тексеру теріс нәтиже береді.  

Емі гельминттерге қарсы дәрілермен жүргізіледі.

Алдын алу шаралары:

1. Жеміс-жидектерді, көкөністерді ағын сумен жуып жеу.

2. Жеке бас тазалығын қатаң сақтау.

3. Әжетханадан кейін қолды міндетті түрде сабынмен жуу.

 

Айгул Жамекеевна ЖАНҒАБЫЛОВА,

ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы»

ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша

филиалының  Қармақшы аудандық бөлімшесінің

паразитологиялық зертхана лаборанты,

Қармақшы ауданы

Сурет immunitet.az сайтынан алынды.

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.03.2018)
Просмотров: 180 | Теги: паразитарлық ауру, жанғабылова, аскаридоз, айгул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]