Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты

Аттестаттау мақалалары

Главная » Статьи » дәрігер мақалалары

Жоғары тыныс алу жолдарының жұқпаларын микробиологиялық зерттеу


 

 

Жоғары тыныс алу жолдары: жұтқыншақтан мұрынға дейін қуыс ағзалар. Оларға көмейдің ауыз бөлігі мен мұрын бөліктері, синустар, ортаңғы құлақ жатады. Жоғарғы тыныс алу жолдарында болатын инфекциялар фарингит, назофарингит, отит, эпиглостит, синуситтер түріндегі кеселдер болып кееледі. Жұтқыншақтың қалыпты микрофлорасына альфа-гемолитикалық стрептококктар, пневмококктар, стафилококктар, дифтероидтар, ашытқы зеңдері жатады.

Көмейдің ауыз бен мұрын бөліктерінде қалыпты жағдайда стрептококктар, бактериоидтар, стафилококктар кездеседі. Жоғары тыныс алу жолдарының патогендеріне - іріңді стрептококк, дифтерия коринебактериясы, пневмококк, гемофиль таяқшасы, көгілдір іріңді таяқшалары жатады.

Иммунды тапшылықтан зардап шегетін немесе ұзақ уақыт антибиотик емін алған егде жастағы адамдардың жоғарғы тыныс жолдарында энтеробактериялар мен ферменттелмейтін грам теріс бактериялар жиі ұшырасады.

Лабораториялық зерттеуге стерилді мақта тампонмен қабынған жерлерден шырыш алынады. Материал алу кезінде тампонды тістерге, тілге, ұрт шырышты қабатына тигізуге болмайды. Алынған материалға жолдама толтырып, тез арада зертханаға жеткізу қажет. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда 4 сағатқа дейін тоңазытқышта сақтауға болады.

Зерттеуді микроскопиядан бастау қажет. Ол үшін алынған материалдан заттық шыныға жағынды жасалып, Грам әдісімен боялады. Микроскопиялау арқылы микроорганизмдердің түріне болжам жасалып, келесі зерттеу мен ажырату сатылары бағытталады.

Мысалы: жағындыда грам оң ланцет тәрізді қос кокк анықталса, материалды қанды агар ортасына, ал грам оң сопақша пішінді зеңдер табылса, Сабуро ортасына егу керек. Қоздырғыштың түрін ажыратқаннан соң, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтап, ақырғы талдау нәтижесін беру қажет.       

 

Айгуль Абдибековна БАЙМУРЗАЕВА,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана,

дәрігер-бактериолог

 

 Сурет http://samgp13.ru/Baklaboratoriya/  сайтынан алынды.  

 



 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (08.09.2017)
Просмотров: 10 | Теги: жоғары тыныс жолдарының жұқпалары, баймурзаева, Айгуль | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.