Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНАН САҚТАНАЙЫҚ

Жедел ішек инфекциялары (жұқпалары) – ЖІИ – бұл диареялық (іш өту) синдромының дамуымен біріктірілген жұқпалы кеселдердің үлкен тобы. Олардың қоздырғыштарының бактериялар, вирустар мен қарапайымдар болуы мүмкін. ЖІИ-на бактериалды дизентерия, салмонеллез, иерсениоз, стафилококктық инфекция, ротавирустық жұқпа және т.б. жатады.

Жұқпаның көздері: ауру адам, дерт тасымалдаушы адам (оның организмінде қоздырғыш бар, бірақ кесел белгілері, яғни клиникасы жоқ), ірі және ұсақ малдар (шошқа, қой, сиыр, ешкі, үй және жабайы құстар, кеміргіштер).

Дерттің берілу жолдары:

– тағам арқылы: сүт, сүт өнімдері (қаймақ, ірімшік пен басқалары); ет, ет өнімдері (тартылған ет және с.с.); жұмыртқа мен одан жасалған тағамдар (суфле, кремдер); жемістер, көкөністер, жидектер.

- тұрмыстық жолмен: айналадағы заттардың ластануы (ойыншықтар және т.б.); лас қолдар.

Кесел жедел басталады, ауру адам көп құсады, іші бүріп ауырады, іш өту, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі болады. Науқас тез әлсіреп, кейде есінен танады, санасы шатасады. Аурудың білінуінің әр түрлі болуы ықтимал – қарын-ішек жолдарының жеңіл бұзылысынан организмнің толық сусыздануымен бірге ауыр жағдайға дейін.

Жұқпаның алдын алудың негізгі шаралары:

- жедел ішек жұқпасы тіркелгенде топқа карантин қойылып, контакттағы балалар мен қызметкерлер 7 күн бақыланады. Олардың дене қызуы таңертең және кешке өлшеніп, стулы (нәжісі) қаралады. Күнделікті бақылау карантиндік журналда тіркеледі;

- вирустық жұқпа режімі бойынша бөлмелерді, ойыншықтарды, ыдыс-аяқты ақырғы дезинфекциялау (жұмыс күнінің соңында және балалар болмағанда). Сондай-ақ ауа ортасын ултракүлгіндік сәулелендіру, одан соң бөлмені желдету керек;

- кілемдерді , жұмсақ ойыншықтарды зарарсыздандырушы ерітіндіге батырылған шөткемен тазалау (вирусқа қарсы концентрациядағы) қажет. Карантин кезеңінде кілемдерді, жұмсақ ойыншықтарды алып тастаған жөн.

- соңғы дезинфекцияны вирустық инфекция режімі бойынша жүргізу: бөлмелерге (топ бөлмесі, ұйықтау, қабылдау бөлмелері, санторап) тәулігіне 2 рет, ойыншықтарға күніне 2 рет жасау. Ыдыс-аяқтар әрбір қолданыстан соң зарарсыздандырылады.

- ең бастысы – жеке гигиена талаптарын қатаң сақтау. Әжетханадан соң, ас ішерде қолды сабындап жууды әдетке айналдыру.       

Сауле Амзеевна ЖУМАНОВА,

ҚР ДСМ ҚДСК "ҰСО"ШЖҚ РМК ҚОБФ

Жалағаш аудандық бактериологиялық

зерттеулер зертханасының сан-эпид қызмет дәрігері

 

Сурет Городская поликлиника №6 сайтынан алынды
 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (16.04.2018)
Просмотров: 24 | Теги: жалағаш, сауле, жуманова, жедел ішек инфекциясы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]