Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


ТАМАҚТАН УЛАНУ – БОТУЛИЗМ

Негізінен тағам арқылы берілетін жұқпалы аурулардың арасында ботулизм аса қауіпті. Клостридий уыттары (токсиндері) адам организміне түсіп, оның нерв жүйесін мықты зақымдайды. Бұл адам өлімінің себебіне айналады.

Кеселдің басты белгілері: көз ағзасы тарапынан бұзылыстар, жұтыну мен сөйлеудің бұзылуы, тыныс алу мен қозғалыс ауытқулары.

Ботулизмнің алдын алудың жоспарлы және шұғыл түрлері ажыратылады. Жоспарлы профилактикада қалбыр (консерві) дайындаудың санитарлық ережелері қатаң сақталуы және вакцинациялау (егу) жүргізілуі тиіс. Шұғыл профилактика – бұл ерекшеліктік сарысуды ауру адамның денесіне енгізу.

Ботулизмнің профилактикасы

Үйде ұзақ уақыт сақталатын тағамдарды әзірлеу алдында көкөністерді, саңырауқұлақ пен жемістерді лайдан және топырақтан мұқият тазарту қажет. Сондай-ақ ет пен балықты ағын суда ыждағаттап жуады. Өсімдіктерді қолданар алдында шөткемен тазартады.

Мыналар есте болсын:

- барлық тағамдық азық-түліктерді мұқият жуу және өңдеуден өткізу, консервілеу технологияларын сақтау;

- қақпағы көтеріліп, ісінген қалбырдағы консервілерді асқа мүлдем пайдаланбау. Сәл күмән болса – қалбырды ішіндегісімен ең кемі 30 минут қайнату;

- ысытумен өңдеуге келмейтін барлық азық-түліктерді (шошқа майы, тұздықтар, шұжық, ысталған балық) 10 градустан төмен салқын жерде сақтау;

- ботулизмге шалдыққан ауру адамдармен жұғысты (контактта) болғандар міндетті түрде екпе (вакцина) алуы тиіс. Ол 3 рет жасалады: алғашқысы – бірден, екіншісі – 45 күннен кейін, үшіншісі – екіншісінен 60 тәуліктен соң;

- науқас ішкен тамақты бірге тұтынған адам 12 күнге дейін дәрігердің арнайы бақылауында болады.

Ботулизмнің алдын алу шаралары жеңіл және аса ептілікті қажет етпейді. Біріншіден, үйде әзірленген барлық консервілерді тұтынудан бұрын ең кемі 30 минут қайнату керек. Консервілеуде тұз бен сірке суын қосқан жөн. Олар ботулотоксиннің әсерін жояды. Екіншіден, сақталу мерзімі өткен барлық консервілерді лақтырып тастаңыз. Денсаулық қымбат. Үшіншіден, жас жемістерде де ботулизм спораларының болуы мүмкін. Сондықтан ашыған иісі болса – тастаңыз.

 Сауле Амзеевна ЖУМАНОВА,

ҚР ДСМ ҚДСК "ҰСО"ШЖҚ РМК ҚОБФ

Жалағаш аудандық бактериологиялық

зерттеулер зертханасының сан-эпид қызмет дәрігері.

Жалағаш ауданы

Сурет ХОЧУ.ua сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (06.02.2018)
Просмотров: 140 | Теги: тамақтан улану, ботулизм, сауле, жуманова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]