Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


САРЫП – АСА ҚАУІПТІ АУРУ

Бруцеллез (сарып) – Brucella туыстығының микроорганизмдері шақыратын адамның жұқпалы ауруы. Ол қоздырғыш тасымалдаушы-жануарлардан (ірі қара мал, қой, ешкі, шошқа, қоян, бұғы) немесе олардың жұқпаланған өнімдерінен және киімдерінен контакт жолымен беріледі.

Негізінен дерт қимыл мен тірек ағзаларын, нерв пен несеп-жыныс жүйелерін зақымдаумен және созылмалы түрде өтумен қауіпті.

Бруцеллез көбіне көктем – жаз айларында белең алады. Бұл мал төлдеумен және олардың сүтінің молаюымен байланысты.

Адамдардағы сарып кеселін микробиологиялық диагностикалауда қан, өт, жыныс ағаларының бөліністері, жұлын сұйығы, әр мен қақырық пайдаланылады.

Сондай-ақ бруцеллезді нақтылау үшін серологиялық реакциялар: агглютинациялар, жанама гемагглютинациялар, комплемент байланыстырушы реакция, иммундық флюоросценция тәсілдері қолданылады. Сарыпты анықтау тері ішілік аллергиялық Бюрне сынамасымен де жүргізіледі.

Алдын алу шаралары

Ол ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлар арасында жұқпаны жоюға және мал өнімдерін зарарсыздандыруға бағытталған шаруашылықтық, мал дәрігерлік және санитарлық-медициналық шаралар кешенінен құралады. Адамдардағы бруцеллезге тойтарыс беру үшін сүтті пастеризациялайды немесе қайнату арқылы залалсыздандырады.

Шикі сүттен дайындалған өнімдерді тағамға қолданар алдына белгілі бір мерзім сақтайды (ірімшіктер – 2 ай, қатты ірімшіктер – 3 айдан кем емес).

Жұқпаланған малдармен жұмыс істеуге және олардың шикізатын өңдеуге бруцеллезге қарсы егілген адамдарға ғана рұқсат етіледі. Жұмыс кезінде қорғаныс киімдерінің (резеңке қолғаптар, комбинезон, халат, резеңке етіктер, респиратор, қорғаныс көзілдіріктері және т.б.) болуы міндетті. Сонымен қатар дезинфицирлеуші бұйымдар (лизол, хлорамин) қажет.      

Сарыптың ерекшеліктік профилактикасын тірі бруцеллездік вакцинамен жүргізеді. Егу арнайы нұсқаулар бойынша атқарылады. Иммунитет 1-2 жыл бойына сақталады. Сарыпқа қарсы егуді бруцеллез жұқпасына салыстырмалы эндемиялық аудандарда өткізеді.    

 

Сауле Амзеевна ЖУМАНОВА,

ҚР ДСМ ҚДСК "ҰСО"ШЖҚ РМК ҚОБФ

Жалағаш аудандық бактериологиялық

зерттеулер зертханасының сан-эпид қызмет дәрігері,

Жалағаш ауданы

 

Сурет Мед.Консультант сайтынан алынып, қазақшаланды.

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (12.03.2018)
Просмотров: 23 | Теги: Бруцеллез, сарып, сауле, алдын алу, жуманова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]