Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


Қырым қанды геморрагиялық қызбасы - аса қауіпті жұқпалы дерт

Қырым қанды геморрагиялық қызбасы (көкала) – бұл табиғи-ошақтық сипаттағы жұқпа. Ол температураның күрт көтерілуімен, теріде және ішкі ағзаларда қан құйылулармен және анық білінетін уыттанумен (интоксикациямен) сипатталады. Аурудың вирусы адамға кене мен үй жануарлары арқылы беріледі. Сондай-ақ кесел жұқпаланған адамның қаны мен бөліністері арқылы да жұғады.  

Дерттің жасырын (инкубациялық) кезеңі 1-14 тәулікті құрайды. Кеселдің жеңіл, орташа және ауыр түрде өтуі мүмкін. Дерттің басталуы жедел, температура 39-40оС-ге дейін күрт артады. Температура қалтырап-дірілдеумен, бас айналуымен, әлсіздікпен, бұлшықеттер мен буындардағы сырқыраумен, жүрек айнуымен, құсумен, ауыз құрғауымен бірге жүреді. Көбіне іш пен бел ауырады.

Асқынулары – сепсис, тромбофлебиттер, пневмония, жедел бүйрек тапшылығы, отит.

Кеселдің өршуі – 4-8 тәулік, ұстамалар 1-2 ай жиілікпен қайталайды. Дерт кене арқылы беріледі. Ауру маусымдық сипат иеленеді. Жұқпа өршуі шілде-тамыз айларында, ауылшаруашылық жұмыс кезінде пайда болады. Жұқпа қанға кене қадалғанда немесе кенені тері арқылы езгенде түседі. Аурухана жағдайында вирустың қан арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін.

Ауру адамды міндетті түрде жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызады. Пациенттер сауыққаннан соң 6 ай дәрігер бақылауында болады.

Негізгі алдын алу тәсілі – вакцинациялау. Одан басқа эндемиялық аудандарда, мал жайылымдары мен мал қораларында акарицидтік өңдеу жүргізіледі. Қырым қанды қызбасы бар аудандарға баратындар репелленттерді пайдалануы тиіс.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің ұсыныстары мынадай аспекттерді қамтуы тиіс:

1. Вирустың кенеден адамға берілу қауіпін төмендету:

- қорғаныс киімін кию (ұзын жең, ұзын шалбар);

- кенені жеңіл аңғару үшін ашық түсті киім кию;

- қолдануға рұқсат етілген киімге арналған акарацидтерді пайдалану (кенені жоятын химиялық заттар);

- тері мен киімге арналған пайдалануға рұқсат етілген репеленттерді қолдану;

- киім мен теріні кенені жабысқан аңғару үшін ұдайы қарау, табылған жағдайда оларды қауіпсіз тәсілдермен алып тастау;

- малдарға кененің жұғуына жол бермеу немесе мал қораларда кенеге қарсы күрес жүргізу;

- кенесі көп аудандарда және кенелер аса белсенді маусымдарда сол жерде болмауға тырысу.

2. Вирустың жануардан адамға берілу қауіпін сейілту:

- малмен жұмыс істегенде қолғап және басқа арнайы киім кию (мал бағу, мал сою және т.б.);

- мал қасапханаға кеткенше оны карантинде ұстау.

3. Жұқпаның адамнан адамға берілу қауіпін азайту:

- көгала жұққан адаммен контактта болудан аулақ жүру;

- науқас адамдарға күтім жасағанда қолға қолғап және үстіге арнайы қорғаныс киімін кию;

- науқастарға күтім жасағаннан немесе олардың хәлін сұрағаннан кейін қолды сабындап мұқият жуу.

 

Сауле Амзеевна ЖУМАНОВА,

ҚР ДСМ ҚДСК "ҰСО"ШЖҚ РМК ҚОБФ

Жалағаш аудандық бактериологиялық зерттеулер зертханасының сан-эпид қызмет дәрігері

 

Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды.

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (11.05.2018)
Просмотров: 119 | Теги: жалағаш, кене, акарацидтер, жуманова, сауле, репелнттер, көгала | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]