Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты

Аттестаттау мақалалары

Главная » Статьи » дәрігер мақалалары

Микробиологиялық зерттеу әдістері

Жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау үшін бес түрлі микробиологиялық зерттеу әдісі қолданылады.  Әр әдістің ерекше мақсаты, маңызы және орны бар.

1. Микроскопиялық әдіс – микроскоп арқылы микроорганизмдердің морфологиялық (микробтың пішіні, түрі, орналасуы, қимылы) және тинкториалдық (микробтың бояу қабылдау қасиеті) ерекшеліктерін анықтауға негізделген әдіс. Бұл әдіс бактериологиялық зерттеудің экспресс тәсіліне жатады. Ол ауру шақырған қоздырғышты болжап білуге, сонымен қатар алдағы жұмыста қолданатын қоректік құрамдарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

2. Микробиологиялық немесе бактериологиялық әдіс – зерттелетін материалдан ауру туғызған қоздырғыштың таза культурасын бөліп алып, оның идентификациясын  жүргізе отырып этиологиялық маңызы бар жұқпалы ауру туғызған қоздырғыштың түрін анықтайтын әдіс. Бұл әдіс арқылы этиотроптық ем шараларының дұрыс жүргізілуі қамтамасыз етеді.

3. Иммунологиялық әдіс – жұқпалы материалдан, сыртқы ортаның объектілерінен антигенді анықтауға немесе науқастан 2 рет (аурудың басында және және 1-2 аптадан кейін) алынған қанның сарсуындағы антидене титр мөлшерінің өсуін анықтауға негізделген әдіс.

4. Биологиялық әдіс – сезімтал зертханалық жануарларды пайдалана отырып қоздырғыштың патогендік және вируленттік қасиеттерін зерттейтін әдіс. Сонымен қатар биологиялық әдіс қоздырғышқа қарсы арнайы негізделген антисарысуларды иммундау арқылы бөліп алып, диагностикум дайындауға қолданылады.

5. Тері-аллергиялық сынама әдісі – тері астына немесе тері ішіне ендірген патогенді қоздырғыштың экзотоксиніне қарсы пайда болған аллергиялық қабыну реакциясы арқылы ауруды анықтайтын әдіс.

 

Айгуль Абдибековна БАЙМУРЗАЕВА,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана,

дәрігер-бактериолог

 

Сурет Медико-биологический центр Пастер сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (31.08.2017)
Просмотров: 297 | Теги: баймурзаева, Айгуль, микробиологиялық  зерттеу әдістері | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.