Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты

Аттестаттау мақалалары

Главная » Статьи » дәрігер мақалалары

Менингококты және бактериалды менингиттің микробиологиялық диагностикасы

Менингококтардан басқа іріңді менингиттерді жиі шақыратын этиологиялық факторларға – пневмококктар, ал ерте жастағы балалар үшін гемофильді таяқшалар жатады (H.influenzae).

Менингококктар дақылдандыру жағдайына өте талапшыл. Өсу кезінде жоғары ылғалдылықты, ауа құрамында 5-10% СО2-ның болуын қажет етеді, кез-келген температуралық ауытқуға сезімталдығы жоғары. Белоктың көзі ретінде ірі қараның, жылқының сарсулары қолданылады.

Менингококктың N.meningitidis  түрін идентификациялау үшін – морфологиялық, тинкториалдық, дақылдық және биохимиялық белгілерін кешенді зерттеу жүргізіледі. Біріншілік бөліп алу кезінде менингококк жасушаларына полиморфизм тән. Менингококк колониялары майлы консистенциялы, қоректі ортадан ілмек арқылы оңай алынады. Бұл консистенциясы шашыранды немесе созылмалы болып келетін патогенді емес нейсериялардан ерекшелігі болып табылады.  Жұлыннан бөліп алынған кейбір штаммдары глюкоза мен мальтозаға ферментативтілік белсенділігі әлсіз болып келеді. Нейссериялардың көптеген патогенді емес түрлерінің патогенді түрлерінен айырмашылығы 5% сахароза қосылған сарсулы агарда өсіргенде крахмал тәрізді зат түзуі болып табылады, оны Люголь ерітіндісін тамызу арқылы дақылдың күңгірт түске боялуынан анықтайды.

Менингококктар келесі серотоптарға бөлінеді: A, B, C, X, Y, 29E және 135W. Менингококтың серологиялық тобын анықтау, менингококкты инфекцияны эпидемиологиялық қадағалаудың бір шарасы ретінде, тәжірибелік зертхананың маңызды міндетіне жатады.

Барлық нейссерияларға  және M.catarrhalis-ке тән оксидаза мен каталаза ферменттерінің болуы, басқа аралас флорадан ажырататын белгілерінің біріне жатады.

Пневмококктар мен гемофильдер, менингококктар сияқты дақылдануға жоғары талапты болып келеді. Олардың өсу факторы ретінде әр түрлі жануардың қаны қолданылады. Сондықтан барлық қоздырғыштар үшін әмбебап (универсалды) қоректі ортаға шоколадты агар жатады.

 

Айгуль Абдибековна БАЙМУРЗАЕВА,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана,

дәрігер-бактериолог

 

Сурет Патологии.НЕТ сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (31.08.2017)
Просмотров: 21 | Теги: баймурзаева, Айгуль, бактериалды менингит, менингококк | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.